Фаст-фуд туралы қызықты фактілер

Фаст-фуд туралы қызықты фактілер

Жексенбінің жайдары күнінде оқырмандармен қауышқанымызға шын жүректен қуаныштымыз.

Осы күні фаст-фуд тағамдары өмірімізді әбден жаулап, аттап басқан әр қадамымызда алдымыздан шығатын болды. Осы орайда оқырмандарға қызық болар деген ниетпен осы туралы кейбір фактілерді ұсынамыз.

  • Америкада әрбір 10 адамның тоғызы кем дегенде айына бір рет Макдональдс ресторанына барады.
  • Америкалықтар 1970 жылы фаст-фудқа 6 миллиард доллар жұмсайтын еді. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 142 миллиард долларға өсті.
  • Тоқсаныншы жылдары гамбургер кедейлерге арналған зиянды тағам болып есептелінетін. Оны қала көшелерінде ғана үйсіз-күйсіз адамдарға сататын болған. Тек кейінірек бұл тағам ресторандарға жол тартты.
  • Солтүстік Кореяда Кока-Кола мен Песпи-Кола сатылымда жоқтың қасы.
  • Гамбургер туралы БАҚ-тарда алғаш рет 1894 жылы Los Angeles Times газетінде сөз болды.
  • АҚШ-тың өзінде фаст-фуд сататын 300 мың ресторан жұмыс істейді.
  • Ричард және Морис Макдональдтар өздерінің алғашқы ресторанын 1949 жылы Калифорния штатындағы Сан Бернардинода ашты.
  • Макдональдс Бразилиядағы халықты жұмыспен қамтып отырған ең үлкен компаниялардың бірі болып саналады.
  • Макдональдс ресторандары ашылар тұста желі иелері сатып алушылардың ресторанда ұзақ уақыт отыруын қаламағандықтан, бөлмеге ыңғайсыз орындықтар қойып, ойын-сауық автоматтарының болмауына барынша көңіл бөлген. 
  • Ғалымдардың айтуынша, гамбургер жасау үшін пайдаланылатын еттің түрлері ауру тууына себепші болады.
  • Автокөлік жүргізушілеріне қызмет көрсететін фаст-фуд дүкені алғаш рет  1919 жылы Калифорнияда A&W Root Beer деген атпен ашылды.
  • 1990 жылы Макдональдстағы фри картофельдерін пісіруге сиыр майы қолданылатыны белгілі болғаннан кейін Мумбайдағы вегетериян үндістер желінің барлық дүкендеріне шабуыл жасап, қиратқан екен.
  • Фри карофельдерінің көпшілік арасында кең етек жайғандығы соншалық, оның сатылымының көлемі шикі картоптардан да асып түсті. Мысалы, тек 2010 жылы американдықтар 3 миллион тонна  фри картофелін жеді.
  • Рональд Макдональд америкалық балалар арасында Санта Клаустан соң ең танымал тұлға болып есептеді.
  • Фаст-фуд тағамдарының кең етек алуы америкалықтардың күрт семіруіне әкелді. Америка ауруларды бақылау орталығының есептеуінше, семіздіктен жылына 248 мың америкалық өледі екен.

 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: healthprogram.ru