Болашақтың аяқ киімі ағымдағы жылда шығады

Болашақтың аяқ киімі ағымдағы жылда шығады

Көптеген ғалымдардың «Болашаққа қайтып 2» (Назад в будущее 2) фильмінен белгілі ұшатын скейтбордтарды жасаумен айналысып келеді. Ендеше ховерборд технологиясы екпіндеп дамып келе жатқан кезде Nike компаниясы аталған фильмнің кейіпкері Марти МакФлай киген кроссовканы ағымдағы жылдың соңына дейін жасауды жоспарлапты.

Негізі бұл туралы ақпарат өткен жылы тараған болатын. Nike компаниясы осы мәліметті енді растап отыр. Жобаның бас дизайнері Тинкер Хетфилдтің айтуынша, Nice Kicks сериясымен шығатын кроссовкаларды жасау қарқындап келеді. Оның басты ерекшелігі аяқ киім бауының автоматты түрде байлануы болып отыр.

Әзірге айтылуынан ерекше екендігі байқалатын аяқ киімнің сатылымға шығу уақыты нақтыланбады. Осыдан 25 жыл бұрын түсірілген киноның желісіне мән берсек, Марти МакФлай 2015 жылдың күзгі кезеңіне саяхаттап, аталған кроссовканы киген болатын. Ендеше компанияның күзге дейін тағы жарты жыл уақыты бар.

Сонымен қатар, Nice Kicks аяқ киімдерінің сериялық өнім болып немесе шектеулі таралыммен шығуы да белгісіз.

Сурет: metro.co.uk

Ж. Өрісбай