Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Ғалымдар салмақтан арылу дәрісін шығарады

Ғалымдар салмақтан арылу дәрісін шығарады

Ғалымдар салмақтан арылу дәрісін шығарады

Гарвард Университетінің ғылыми қызметкерлерінің хабарлауынша, олар адам денесіндегі май жасушаларының орнын ауыстыра алатын химиялық компоненттерді тапқан. Бұл салмақтан қауіпсіз түрде арылу мүмкіндігінің жақындағанын, яғни болашақта адам өзінің салмағын қадағалай алатын деңгейге жететінін білдіреді.

Ғалымдардың айтуынша, адам денесінде мүлде кәдеге жарамайтын май жасушалары бар екен. Айта кетсек, ақ түсті май жасушалары липид түрінде сақталып, энергия жинақтаса, қоңыр түсті май жасушалары митохондриядағы темірге бай энергияға жауапты болады. Әйткенмен де, жаңа зерттеулер нәтижесі тек салмақ қосуға үдеу болатын липидтердің бар екенін көрсетті.

Профессор Чад Кован және оның Гарвардтағы әріптестері адам денесіне қажет емес ақ майлардың жасушасын анықтайтын химиялық әдісті тапқан. Ғалымдар бұл әдістің адам денесіне еш зияны тимейтінін сеніммен айтып отыр. Сондықтан адам баласына тәжірибе жүзінде сынап көруге дайындалып жатыр екен.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген түрлі таблеткалар липидтерді коңыр түсті май жасушасына айналдырып жібереді. Бұл да кейіннен артық салмақты қайта алып келуі ықтимал. Сондықтан оны тұтынған адамдар уақытша салмақтан арылғанымен, сосын қайта өз қалпына оралады екен.

Бірақ ғалымдар өздері ұсынып отырған әдістің адам ағзасына бейімделуі өте күрделі процесс екенін айтады. Себебі қолданылатын химиялық компоненттер бір молекулаға әсер етуі арқылы, иммунды жүйені төмендетіп жіберуі мүмкін.

Кован басшылығындағы ғалымдар тобы бұл нәтижеге мыңдаған қоспалардың каталогизі арқылы келіп отыр. Қазіргі кезде ғалымдар зертхана тышқандарына аталған химиялық компоненттерді қолданып, олардың метаболизмі мен иммунды жүйесінің өзгеріс табуын бақылауда.

Сурет: www.medicaldaily.com

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Қосылған күні: 16 желтоқсан 2014, 15:56

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.