- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Денеңіз туралы сіз...
Денеңіз туралы сіз білмеген деректер
Әлемнің көшінен қалмас үшін, ақпараттар ағымымен таныс болуға әрдайым ұмтылып жатамыз. Ғаламның ғажайыптарын «бес саусақтай» білсек те, өзіміздің денеміз туралы «бас бармақтай» да білмейтініміз жасырын емес. Ол жайында жаңа қызықты дерек естісек, таңданып, таңырқайтынымыз да рас. Міне, бүгін сіздерге секундына сан мың іс-әрекетті қатар басқара алатын денеміздің қасиеттері туралы айтамыз.
1. Адам саусақтарының сезімтал болғаны соншалық – егер саусақтары жер көлеміндей болса, үй мен көліктің айырмашылығын еркін сезіне алатын еді.
2. Адам денесі қантамырының жалпы ұзындығы 96 560,64 километрді (60,000 миль) құрайды екен. Бұл дегеніміз, жер жүзін екі рет жүріп өткендегі жолдың ұзақтығымен тең.
3. Егер жер шар емес, тегіс болса, адам баласы аспандағы жұлдызды 30 км қашықтықтан-ақ көре алады. Бұл адам көзінің асқан қырағылығын көрсетеді.
4. Егер біздің көзіміздің жанары (мөлдір тұтастық) болмаса, ультракүлгін сәулелерді көретін едік. Кейбір көз жанарына ота жасаған адамдар ультракүлгін сәулелерді көре алады.
5. Адам миы 1 минутта еш қиындықсыз 1000 сөз оқи алады.
6. Адам кіндігінде бүкіл бір тропикалық орманды құрайтын экожүйе сынды мыңдаған бактерия бар.
7. Адам ғашық болғанда, оның миы есірткі сияқты нейромедиатор мен гормондарды жинайды. Бұл, жүрек соғысын жиілетіп, тәбеттен айырып, ұйқысыздық жаулап, қатты уайымшыл халге әкеледі.
8. Сіздің жүзіңіз қызарғанда, асқазаныңыз да қызарады екен.
9. Аспан әлемінде «бар-жоғы» 300 миллиард жұлдыз бар. «Бар-жоғы» деуімізге негізгі себеп боп отырған жайт – мынау. Ересек адамның денесінде 7,000,000,000,000,000,000,000,000,000 (7 октиллион) атом бар екен.
10. Адамның бұлшық еттері біз ойлағаннан да күшті қабілетке ие. Күшіміз денемізді жарақаттамас үшін шектеулі болып отыр. Егер адреналиннің көмегімен бұлшық еттің шыдамдылығын сынасаңыз, дәу қойтастарды тіпті, көлікті де көтере алады екенсіз.
11. Біз – ұзақ арақашықтыққа жүгіруден жер жүзіндегі ең мықты желяқтармыз. Тіпті, төртаяқты жануарлар да біздің шаңымызға ілеспейді. Себебі, мыңдаған жылдар бұрын адамдар, өз «қорегін» әлсіреп құлап қалғанынша қуалаған екен.
12. Адам баласы жарты-ақ сағатта 4 литр суды жылытуға болатын жылу жинай алады екен.
13. Денемізде шимпанзенің денесіндегідей түк бар екен. Бізге байқалмайтын себебі, олардың көпшілігінің бізге көрінбейтіндігінде.
14. Біздің ағзамыз сонау 13,7 миллард жыл бұрын орын алған «Үлкен Жарылыс» кезінде пайда болған атомдардан тұрады екен.
15. Адам сүйегі гранит сынды берік. Сіріңке қорабының көлеміндей ғана сүйек 9 тонна салмақты көтере алады.
16. Егер адам миы компьютер болса, секундына 38 мың триллионды жүйелерді оп-оңай орындай алар еді. Әлемдегі ең мықты «BlueGene» компьютері бұның 0,002% -ын ғана жасай алады.
Cурет: www.urano.ru
Е. Жұмабайұлы