ХХ ғасырдың ІI жартысы адамзат баласына не сыйлады?

ХХ ғасырдың ІI жартысы адамзат баласына не сыйлады?

Алдыңғы жазбамызда ХХ ғасырдың І жартысының адамзат баласына сыйлаған өнертабыстар тізбегімен таныстырған болатынбыз. Көк жәшікті қашаннан бері көрудеміз, кір жуатын машинаны өмірге кім әкелді, микрофон қайда пайда болды? т.б. қызықты сұрақтар, тиісінше жауабын алған еді. Бүгін сол тізімді ары қарай жалғамақпыз.

1. 1940 жылы АҚШ-та “Белл Телефон Лабораториес” компаниясы ұялы телефонды шығарған.
2. 1943 жылы француз мұхит зерттеушісі Жак-Ив Кусто акваланг ойлап тапты.
3. 1946 жылы Джон Преспер Эккерт пен Джон Моукли АҚШ-та электронды компьютер ойлап тапты.
4. 1946 жылы АҚШ-та Перси Лебарон Спенсер қысқатолқынды пеш ойлап тапқан.
5. 1948 жылы АҚШ-та “Си-Би-Эс Корпорейшн” компаниясы күйтабақ ойнатқыш ойлап шығарған.
6. 1950 жылы АҚШ-та “Зенит Электроник Корпорейшн” компаниясы қашықтықтан басқару құрылғысын шығарған.
7. 1950 жылы АҚШ-та Ральф Шнейдер кредит картасын жасаған.
8. 1951 жылы Бетт Несмит Грехем АҚШ-та сұйық қағаз ойлап тапты.
9. 1952 жылы Ұлыбританияда резеңке қолғаптар шығарылған.
10. 1954 жылы АҚШ-та “Ридженси Электроникс” компаниясы транзиторлы радио шығара бастаған.
11. 1955 жылы Дания елінде Оле Кирк Кристиансен атақты «Lego» құрастырғыш ойыншығын ойлап тапқан.

12. 1956 жылы АҚШ-та контактты линза шығарылды.
13. 1957 жылы Шотландияда профессор Ян Дональд ультрадыбысты ойлап тапқан.
14. 1957 жылы алғаш рет Антарктиданы Вивиан Эрнест Фучс кесіп өткен.
15. 1958 жылы АҚШ-та Руд Хандлер «Барби» қуыршағын жасаған.
16. 1958 жылы америкалық өнертапқыштар Ричард П. Ниир мен Артур Мелвин «Хула-Хуп» шеңберін жасаған.
17. 1959 жылы АҚШ-та Джек Килби микрочип жасаған.
18. 1960 жылы американдық физик Теодор Майман лазерді тойлап тапқан.
19. 1961 жылы АҚШ-та «Шаттл» ғарыш кемесі жасалған.
20. 1961 жылы, 5 мамырда “Фридом- 7” бортының капсуласымен ғарыш кеңістігіне шыққан алғашқы америкалық Алан Бартлетт Шепард болды.
21. 1961 жылы 12 сәуірде Юрий Алексеевич Гагарин алғаш рет ғарышқа ұшқан.

22. 1962 жылы кіші Джон Хершел Гленн жер жүзін айналып ұшқып шыққан екен.
23. 1962 жылы АҚШ-та “Унимейшн” компаниясы өнеркәсіптік роботтарды өндіре бастады.
24. 1963 жылы Нидерландияда “Филлипс” компаниясы үнтаспамен жұмыс жасайтын үнжазба шығарды.
25. 1964 жылы Жапонияда жылдам жүретін пойыз жасалған.
26. 1965 жылы компьютер технологиясының шебері, американдық ғалым Иван Слахерленд виртуалды ақиқатты (виртуалды ақиқат дегеніміз –  компьютерлік техниканың негізінде кеңістіктік-уақытты  қолдан жасаған құрылымды қалыптастыру нәтижесі) ойлап табады.
27. 1968 жылы Дуглас Энгельбарт компьютер тышқанын ойлап тапқан.
28. 1969 жылы америкалық ғарышкерлер Нейл Армстронг мен Эдвин Олдрин алғаш рет айға қонады.
29. 1970 жылы Роберт К. Ярвик АҚШ-та жасанды жүрек жасайды.
30. 1970 жылы АҚШ-та өрт хабарлағышын “Питвей Корпорейшн” жасап шығарады.
31. 1971 жылы америкалық химик Стефани Кволек фибраны (қатты, сығылған, берік қағаз) жасап шығарады.
32. 1972 жылы АҚШ-та Нолан Бушнелл алғаш компьютер ойынын жасайды.

33. 1973 жылы Жапонияда алғаш «Вовот» адамға ұқсас роботы жасалды.
34. 1977 жылы АҚШ-та Винтон Серф интернет желісін ойлап тапқан. 
35. 1978 жылы Стивен Джобс пен Стефан Возняк алғаш дербес компьютерді ойлап табады.
36. 1979 жылы Жапонияда “Сони” компаниясы аудиоплеер жасайды.
37. 1980 жылы венгер профессоры Эрно Рубик «Рубик текшесі» логикалық басқатырғыш ойын құралын («Кубик Рубик») ойлап тапқан.
38. 1981 жылы Жапонияда “Сони” компаниясы бейнекамера жасап шығарады.
39. 1981 жылы Жапония мен Нидерландияда компакт-диск жасалған.
40. 1983 жылы АҚШ-та “Ю-Ес Сателлит Коммьюникейшн инк” компаниясы спутниктік теледидар жасаған.
41. 1988 жылы Жапонияда “Тойота” компаниясының өндіруімен қауіпсіздік жастықшалары жасалған.
42. 1980 жылы Ұлыбританияда Клив Сиклайр шағын компьютер жасаған.
43. 1998 жылы Ұлыбританияда “Мэд Дог 2” атты күн көзінің қуатының көмегімен жүретін көлік шығарылған.

Сурет: ru.wikipedia.org, m.forbes.ru, dic.academic.ru, reallyniceone.com, 

vertolet4itsa.livejournal.com, gotps3.ru, www.3dnews.ru, en.wikipedia.org, goodlogo.com

Е. Жұмабайұлы