- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- ХХІ ғасырда адамзатты...
ХХІ ғасырда адамзатты қандай ғылыми ашылымдар күтіп тұр? #2
Алдағы бір ғасырда ашылатын жаңалықтар легін Skeptical Science қоғамы жылдық көрсеткіштермен реттеп шығарыпты. Сол тізімнің жалғасын ұсынамыз.
- 2051 – Виртуалды жануарлар әлемі – биосфералық қорықтың альтернативасы.
- 2052 – Швеция өз мақсатына жете алды: Енді аталған елдің тас жолдарында еш көлік апаты орын алмайды.
- 2053 – Адам баласы желдің бағытын бақылауға көшті. Енді электр энергиясы тапшы заманда ЖЭС маңызды өндіріске айналады.
- 2054 – Күннен бөлек ең жақын жұлдызға жете алатын «Stellar Power» зымыраны ұшырылады.
- 2055 – Жер сілкінісі апаты туралы алдын ала бағдар бере алатын «Деметра» сейсмикалық орталығы ашылады.
- 2056 – Көліктерді қашықтықтан жөндеу іске асырылды. Енді механиктер үйде отырып тапсырыспен, көліктерді жөндейді.
- 2057 – Өткен елу жыл барысында Тур де Франс веложарысының орташа жылдамдығы екі есеге көбейеді.
- 2058 – Жер асты қалалары бой көтере бастады.
- 5059 – Семіздіктен арыла алмау енді проблема емес.
- 2060 – Таза ауаға салық төленетін болады.
- 2061 – Жердің халқы 10 миллиардқа жетеді.
- 2062 – Пластикалық заттардың орнына нанокөміртек қолданыла бастайды.
- 2063 – Автоөнідірістегі немістердің барлық компаниясын толығымен Тойота сатып алады.
- 2064 – Жердегі тіршіліктің альтернативасы бар ғаламшар табылады.
- 2065 – Әлемдік қаржының үштен бір бөлігі Швейцария банктерінде сақталатыны белгілі болады.
- 2066 – Электростанциялар наноқұрылымға көшеді.
- 2067 – Ғарыш туризмі енді қол жетімді.
- 2068 – Электронды көз зағип жандардың көруіне мүмкіндік береді.
- 2069 – Ұшақтар сутекті қозғалтқыштармен жүре бастайды.
- 2070 – Бұлттарды басқару жүйесі Еуропа климатының жақсаруына септік болады.
- 2071 – Уақыт бірлігі жиілей түседі.
- 2072 – Темекі қоғамдық үрдіс емес.
- 2073 – Әуедегі футбол жаңа үдеріс табады.
- 2074 – Африкада таза судың қорлары ашылады. Бұл жер асты суларының бағыты геотермалды өзгеріске ұшырағандығынан жүзеге асады.
- 2075 – Иероглифтерді оқи алатын машина майялардың жазбаларын оқиды.
- 2076 – Адамдардың өзіне диагноз жасауы және өзін-өзі емдеуі дәріханалардың жабылуына себеп болады.
- 2077 – Жаңа төлқұжат адамның ДНҚ ақпаратын сақтайтын болады.
- 2078 – Сахараның жер асты теңізі ашылғаннан кейін, шөл туристік аймаққа айналады.
- 2079 – Дәрігерлер донорлықпен айналысуды тоқтатады. Себебі енді кез келген адам ағзасын биохимиялық жолмен өсіруге болады.
- 2080 – Париждегі сән апталығында желдеткіш киімдер таныстырылады.
- 2081 – Адамдар Марсқа біржола көше бастайды.
- 2082 – Нейрондарды егу арқылы адамның жадысын қайта қалыптастыруға мүмкіндік пайда болады.
- 2083 – Орбитадағы Күн электростанциялары өз жұмысын тоқтатады. Себебі энергияны Жерге тасымалдау атмосфераның қорғаныс қабатының жұқаруына түрткі болады.
- 2084 – Бірде-бір етпен қоректенетін адам қалмайды. Барлық адам баласы вегетариан атанады.
- 2085 – Смартфондар мүлде қолданыстан шығады.
- 2086 – «Формула-1» жарысының алғашқы виртуалды Гран-При тартысы ұйымдастырылады.
- 2087 – БҰҰ тілі (жасанды тіл) жалпыұлттық болып табылады.
- 2088 – Токиода жасанды сана қолданысқа енгізіледі.
- 2089 – «Home Restau» аспаз-роботы аспаздық саласында төңкеріс жасайды.
- 2090 – «Dyna» жұқпалы ауруды қоздырушы вирус ғарыштан келеді.
- 2091 – Қозғалатын жолақтар адамды кез келген бағытта жеткізіп салады.
- 2092 – Төлем карталары мүлдем қолданылмай қояды. Себебі адамдар қолына басылған ДНҚ тетік арқылы төлейтін болады.
- 2093 – Жердегі барлық түрме Шолпан ғаламшарына ауыстырылады.
- 2094 – Марс атмосферасында өсірілген алғашқы роза Жерге жеткізіледі.
- 2095 – Адамдар гаджеттерден электронды мобильділікке толық көшеді.
- 2096 – Енді білімді тікелей санаға енгізуге мүмкіндік болады.
- 2097 – «Pillgock» компаниясы Google-ді сатып алады.
- 2098 – Үндістан бір рет қана мінуге жарамды көлік түрін сатылымға шығарады.
- 2099 – Теңізде жүзетін қалалар пайда бола бастайды.
- 2100 – ХХІІ ғасырдың инновациялық дамуына қатысты Бейжіңде халықаралық көрме өтеді.
Сурет: www.touchbionics.com
Ж. Өрісбай