- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- ХХІ ғасырда адамзатты...
ХХІ ғасырда адамзатты қандай ғылыми ашылымдар күтіп тұр?
Инновациялық технологияның қарқындап дамуы арқасында ғалымдар жақын болашаққа болжам жасау арқылы адам баласы ХХІ ғасырда қандай өзгерістердің куәсі болатынын анықтап көрді. Алдағы бір ғасырда ашылатын жаңалықтар легін Skeptical Science қоғамы жылдық көрсеткіштермен реттеп шығарыпты.
- 2015 – Дауыс арқылы есігі ашылатын көліктер шығарылады.
- 2016 – Коммерциялық жоба аясында дыбыстың жылдамдығына ие ұшақтар пайда болады.
- 2017 – Электронды анықтау тетігі қызметі қосылғаннан кейін, адамдардың жоғалу қаупі азаяды.
- 2018 – Жасанды қанның ресми сатылымға шығуы спортшыларға екінші дем береді. Ал ол әлемдік жарыстарда түрлі даудың туындауына себеп болады.
- 2019 – Синхронды аударманы қамтамасыз ететін аппараттар құлақтың ішіне қондырылады.
- 2020 – Электрокостюмдер әлемдік сәнге айналады.
- 2021 – Париж бен Лионның аралығында жолаушыларға арналған ұшқышсыз ұшақтар жүре бастайды.
- 2022 – Ұшатын қонақүйлер жұлдызға бір табан жақын болуға мүмкіндік береді.
- 2023 – Швейцария Еуроодақ құрамына кіреді. Сосын аталған ел Еуропаның басты ғылыми орталығына айналады.
- 2024 – Электронды мектептердегі алғашқы оқу жылы басталады.
- 2025 – Реактивті таксилер әуедегі транспорттың сапалық деңгейін бір сатыға көтереді.
- 2026 - Люминді жарық көздері биік ғимараттардағы жарнама экрандарын шеттетіп, жарнама саласында әлемдік қолданысқа ие болады.
- 2027 – Қарапайым дөңгелекті қаламсаптар тек жазып қана қоймай, әріптерді танитын болады. Олар сіздің дұрыс жазуыңызды бақылайды.
- 2028 – Жүк тасымалдайтын алып көліктер әуе транспорты ретінде тәжірибеден өткізіледі.
- 2029 – Жүйрік пойыздардың көмегімен Берлиннен Рим қаласына дейін 3 сағатта жетуге мүмкіндік болады.
- 2030 – Марс ғаламшарында алғашқы адамдардың базасы салынады.
- 2031 – Альцгеймер және Паркинсон ауруларына ем табылады.
- 2032 – Гонг-Конгтағы автосалон толық 100 пайызға электронды қызметке ауысады.
- 2033 – Жеке дыбысты қалыптастыратын ғаламдық сервер адамзаттың табиғи дыбысының орнына қолданыла бастайды.
- 2034 – Өзін-өзі қайта өңдей алатын бетондардың арқасында ғимараттарды қайта жөндеуден өткізу қажет болмайды.
- 2035 – Ауаны тазартатын ғаламдық салқындатқыштың көмегімен өндірістік қалалар ауа тапшылығынан арылады.
- 2036 – Нью-Йоркта соңғы киносеанс болып өтеді. Осыдан кейін кинотеатрлар өз жұмысын тоқтатады.
- 2037 – Тауарларға радиожиіліктегі маркалар қойыла бастайды. Бұдан былай ұрлық еш жерде орын алмайтын болады.
- 2038 – Көмекші GPS көзі көрмейтін зағиптар мен мүгедектерге жол көрсетеді.
- 2039 – Жасанды протездер адамның табиғи мүшесі ретінде қолданыла бастайды.
- 2040 – СЭС-тер өз жұмысын тоқтатады. Себебі энергияны химиялық элементтердің көмегімен алуға толығымен көшеді.
- 2041 – Мұхиттарда радарлар пайда болады. Судағы апаттар саны азая түспек.
- 2042 – Метромен жұмысқа бара жатып адамның ұйқысы келмейтін болады. Себебі метролар ең жылдам қоғамдық транспорттар санатына ауысады.
- 2043 – Дәстүрлі отты қарулардың орнын альтернативті биохимиялық қарулар басады.
- 2044 – Гималай тауларында таушаңғысының жаңа хайтек демалыс орны ашылады.
- 2045 – Енді Гибралтар бұғазын кесіп өту 5 минут уақытты алады.
- 2046 – Дүкенге шоппинг жасау виртуалды өмірдің бір түріне айналады.
- 2047 – Экологиялық факторлар адамның өмір сүруін қиындатып жібереді. Сондықтан қарапайым тұрғын үйлер арнайы қаптамамен салына бастайды.
- 2048 – Үнемді диодтар электр шамын нарықтан толықтай ысырып тастайды.
- 2049 – Бактериялардың таралу қаупі жойылады. Ғаламшар толығымен бактериялардан тазартылады.
- 2050 – Соңғы жанармаймен қамдау орталығы жабылады. Енді барлық көлік сутекпен жүреді.
Сурет: level-iv-consulting.com
Ж. Өрісбай