Жапон ғалымдары астероидтарда өмір бар деп есептейді

Жапон ғалымдары астероидтарда өмір бар деп есептейді

Жапония астероидтарды зерттеу мақсатында «Хаябуса-2» зондын 30 қараша күні ұшырады деп хабарлайды, NHK жапондық телерадиокомпаниясы.

Өткен сейсенбі күні Жапонияның аэроғарыштық кеңістікті игеру агенттігі аталған зонд Танэгасима ғарыш айлағы арқылы Н2А зымыранының құрамында ұшырылатынын хабарлады. Осыдан төрт жыл бұрын ғарышқа көтерілу кезінде қиындықтарға тап болған «Хаябуса» зондының бірінші нұсқасы алғаш рет Жерге астероидтың бетінен үлгі алып келген болатын.

Енді жаңа зонд өзге астероидардан тастар мен кұм алып келеді деп жоспарланған. Жапон ғалымдары белгілі  бір астероидтарда органикалық заттар мен судың бар болу ықтималдығын алға тартып отыр. Егер жобаның екінші кезеңі сәтті өтсе, астероидтардағы өмір сүру мүмкіндігі туралы ақпарат анықталатын болады.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: edo-tokyo.livejournal.com

Ж. Өрісбай