- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Ұлыбританияның алғашқы премьер-министрі...
Ұлыбританияның алғашқы премьер-министрі
Сіз білесіз бе? Ұлыбританияның алғашқы премьер-министрі Генри Кэмпбелл-Банерман мырза. Таңғалып отырған боларсыз, алғашқы премьер Роберт Уолпол мырза емес пе еді деп... Шындығы солай. Тек әңгіменің басы терминнен келіп шықпасы бар ма?!
«Премьер-министр» термині ең алғаш ресми түрде 1905 жылы Генри Кэмпбелл-Банерманның осы орынға отырған сәтінен бастап (5 күннен соң), ресми түрде қолданысқа енгізілді. Бұған дейін бұл сөз қорлау есебінде саналып келген.
Ең алғашқы премьер - министр болып саналатын Роберт Уолпол (1676-1745) ешқашан бұл сөзді қолданған емес. Ол және оның ізбасарлары өздерін «қазынаның бірінші лордтары» деп есептеген.
1905 жылы сол кездегі премьер - министр Артур Бальфур отставкаға кеткен соң, Генри Кэмпбелл алғашқы ресми премьер-министр болып тағайындалды. 1871 жылы атасы дүниеден өткен соң, Генри мырза атасының тікелей мұрагері болып табылды. Және оның тегіне «Баннерман» сөзі жалғанды. Ол қажымас қайсарлығының арқасында 1906 жылы парламентте либералдар партиясын жеңіске жеткізді.
1907 жылы сайлаудан бір жыл өткен соң, премьердің жүрек талмасы ұстайды. 1908 жылы қайталанып, екі аптадан соң, өз үйінде жан тапсырады. Соңғы сөзі: «Бұл менің өлімім емес».
Сурет: smexoblog.ru
Л. Лига