NASA спутнигі Марс орбитасына жетті

NASA спутнигі Марс орбитасына жетті

Марс ғаламшарының атмосферасын зерттеу мақсатында құрастырылған Maven ғарыш аппараты Қызыл ғаламшардың орбитасына жетті, деп хабарлайды NASA ғарыш агенттігі.

Maven 2013 жылы ұшырылған болатын:

Спутниктің Марстағы гравитациялық аймаққа түскені туралы ақпарат NASA агенттігіне Гринвич уақыты бойынша дүйсенбі күні, таңғы 2.30-да келген. Әзірге арнайы құрылған аппарат тәуліктік уақыты 35 сағатты құрайтын элипстік орбитаның ішінде айналып жүр. Бірнеше аптадан кейін агенттіктің мамандары аппаратты Марстың төменгі атмосфералық қабатына түсіруге тырысып көреді.

Жобаның мақсаты Марс атмосферасының үстіңгі қабатын зерттеп, оның не үшін биоауа қабығынан айырылғанын анықтау. Марс атмосферасының негізі көмірқышқыл газынан тұрады. Ол өте жұқа және қоршалмаған. Мамандардың айтуы бойынша, атмосфераның тартылыс күші Жердің гравитациясынан 130 есе аз. Зерттеуді бақылауға алып отырған Колорадо университетінің профессоры Брюс Джейкоски Maven аппараты арқылы осы күнге дейін белгілі болмаған ақпаратты алу мүмкіндігі боларына сенімді екенін айтты.

Сондай-ақ, екі күннен кейін Марстың орбитасына Mangalyaan (Mars Orbiter) үнді спутнигі де ат басын бұратын болады. Оның мақсаты аталған ғаламшарда метанның қалдықтарын зерттеп, биологиялық өмірдің бар не жоқ екендігін анықтау.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

cурет: nasa.com

Ж. Өрісбай