Логикалық тапсырмалар. Онлайн орындау #4

Логикалық тапсырмалар. Онлайн орындау #4

1. Жердің жасанды серігі Жерді 1 сағат 40 минуттың ішінде айналып өтеді, ал басқасы болса оны 100 минутта жасайды.

Сұрақ: Ол қалай болғаны?

Жауапты қарау

***

2. Қонақ үй 7 қабатты. Бірінші қабатқа төрт мейман келіп қоныстанады, ал қалған қабаттарында 2 адамнан көп мекендейді.

Сұрақ: Қай қабат жеделсатыны жиі шақырады?

Жауапты қарау

***

3. Екі  қала бір-біріне жақын орналасқан. Біреуінде өтірікшілер, екіншісінде шыншылдар тұрады. Екі қаланың тұрғындары бір-біріне жиі қонаққа келеді.

Сұрақ: Қай қалада тұрып жатқаныңызды білу үшін қандай жалғыз бір сұрақ қойса болады?

Жауапты қарау

***

4. 19 + 15 = 10

Сұрақ: Есеп қандай жағдайда теңеседі?

Жауапты қарау

***

5. Қол астыңызда жұмыс істеп жатқан жұмысшыңыз ақшаны алтынмен бергенін қалайды. Сіздің қолыңызда сол жұмысшының 7 күндік жалақысына татитын алтын құймасы бар. Құйма беті жеті белгіге алдын ала таңбаланып қойған.

Сұрақ:  Егер сізге құйманы екі бөлікке бөлуе рұқсат беретін болса, ал жұмысшыға төлемді күніге жұмыс аяқталған сәтте беру керек, сіз бұл мәселені қалай шешетін едіңіз? 

Жауапты қарау

***

6. Әкесі мен баласы апатқа ұшырады. Әкесі өкінішке орай сол күні көз жұмады. Бала жан сақтау бөлмесінде жатқанда бір дәрігер келіп «Бұл менің балам!» деп қоймайды.

Сұрақ: Бұл мүмкін бе?

Жауапты қарау

***

7. Сағат тілі 3 сағат 15 минутты көрсетеді.

Сұрақ: Сағат тілі неше градусты көрсетеді? 

Жауапты қарау

***

8. Берілген санға математикалық теңдеулерді қойып жауабына сәйкестендіріңіз.

9999999 = 100

Жауапты қарау

***

9. Көктемде төрт аяқтап, жазда екі аяқтап және күзде үш аяқтап жүреді.

Сұрақ: Бұл не?

Жауапты қарау

***

10. Жетпей тұрған санды қойыңыз: 8   12   16   20   _

Жауапты қарау

***

11. Артық сөзді алып тастаңыз:

Юпитер   Аполлон   Марс   Нептун   Меркурий 

Жауапты қарау

***

12. Қазақстан елінің қаласын табыңыз: ДЛОНОН, ДАДМРИ, АЗРТА, ШБКЕКИ

Жауапты қарау

***

13. Егер  түнгі сағат 12-де жаңбыр жауып жатқан болса, онда 72 сағаттан кейін ауа-райы ашық болады деп сенуге бола ма?

Жауапты қарау

***

14. Сөз мағынасын тауып, жіберілген әріпті қойыңыз: СААМРАН _

Жауапты қарау

***

15. Екі адам бірге кетіп бара жатыр. Біріншісі екіншісінің баласының әкесі.

Сұрақ: Бұл қалай?

Жауапты қарау

***

16. Есептің жауабын табыңыз:

2   4   _   11   16
3   7   _   21   31

Жауапты қарау

***

17. Әкем 31 жаста болғанда, менің жасым 8-де болған. Ал қазір ол менен екі есе үлкен.

Сұрақ: Менің жасым нешеде?

Жауапты қарау

***

18. Жетпей тұрған санды қойыңыз:

ПАРИЖ   35412   ЖИР   325   ПАР   576   РЖА   _

Жауапты қарау

***

19.Екі қыз балада бірнеше алмадан бар. Егер біріншісі екіншісіне 2 алма беретін болса, онда біріншісінде 2 алмаға кемиді. Ал егер екіншісі біріншісіне 2 алма беретін болса, онда оларда алма саны теңеседі.

Сұрақ: Әр қызда неше алмадан? 

Жауапты қарау

***

20. Су берсең өледі, тойдырсаң өмір сүреді. 

Н. Нұрмаханұлы