Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Қағаз жайлы деректер

Қағаз жайлы деректер

Қағаз жайлы деректер

Қағаз бетіне күнделікті қажетті мағлұматты түртіп жүреміз. Қағазсыз адам баласының өмірін көз алдымызға елестету мүмкін емес. Сондықтан да, бүгін қағаз жайындағы қызықты деректермен бөлісеміз.

1. Қағаз өндіруші ірі мемлекеттердің қатарына: АҚШ, Канада, Финляндия, Жапония, Швеция жатады. Бұның логикалық түсіндірмесі бар. Өйткені, индустриалды дамыған мемлекеттерде өмір сүретін халықтың  жиырма пайызы әлемдік қағаз өнімдер көлемінің 85%-ын қажетсінеді (пресса, ораушы қағаз).

2. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, қағаз өндірісі кезінде пайда болатын улы газдар климаттың глобалды жылуына әкеліп соқтырады.

3. Егер де, АҚШ-та қағаз өнімдеріне деген тұтынушылық 10% төмендесе, улы газ көлемін 1.6 миллион тоннаға азайтуға болар еді. Бұл 280 мың автокөлік шығаратын улы газ көлемімен пара-пар.

4. Әлемдегі барлық қоқыстың төрттен бір бөлігі қағаз.

5. Жыл сайын американдықтарға поштамен келетін хаттар көлемі 4 миллион тонна қағазды құрайды. Бұл дегеніміз әр азаматқа жыл сайын 10 кг макулатура тиісті деген сөз. Егер де, барлық спамерлер электронды хаттарға көшкенде, бұл жыл сайын 150 мың ағаштың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берер еді.

6. Бір тонна қағазды қайта өңдеп шығарғанда, 17 ағаш аман сақталынып қалады.

7. Қағазды екінші ретті  өңдеу процесі оны ағаштан жасауға кеткен электр энергия қорымен салыстырғанда 50 пайызға төмен. Сондай-ақ, бір тонна қағазды екінші ретті өңдеуден өткізсе, 240 литр жағар-жанармайды, 4000 киловатт-сағат электр энергиясын, 26 мың литр суды үнемдеуге болады.

8. Миллион тонна қағаз 14 000 мың теміржол вагонына сыяды.

9. Соңғы 20 жыл ішінде қағазға деген сұраныс  92-ден 208 миллион тоннаға дейін өскен. Жыл сайын өсу көрсеткіші 126%-ды құрайды. Есептеуіш машиналар мен электронды жүйелердің пайда болуы, сондай-ақ электронды құжат айналым технологиялардың енгізілуі бұл жағдайды айтарлықтай төмендетпеді.

Сурет:c2cn.eu

12050 5
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 22 мамыр 2012, 09:34
Пікірлер
+0
22 мамыр 2012, 11:26

қанша отын үнемдеуге болады екен, шынында да электронды дүниелердің қаптап кетуі қағазға деген сұранысты уақыт келе азайтатын шығар

+0
22 мамыр 2012, 12:51

қағаз шығаратын бизнес ашуға деген үлкееен ақыл ғо мынау)

+0
22 мамыр 2012, 13:04

Қағаз өндірісінің зияны көп, Ежелгі заманда жерімізді ну ормандар басып жатыпты. Ол кезде кіітаптарды тасқа қашап шығарады екен. таралымдары да аз болыпты. Сосын қытайлықтар қағазды ойлап шығарып, ағашқа деген сұраныс күрт өсіпті. Қазақтар бір сәттік пайдасы үшін ағаштарды кесіп, оны Қытайға экспортқа жібере бастапты. Содан бірте-бірте қалың ормандарымыз бетпақ далаға айналыпты.
PS. Қазіргі экономикаға еш қатысы жоқ, ойдан шығарылған әңгіме ғой^_^

+0
22 мамыр 2012, 13:10

:mrgreen: :mrgreen:

+0
22 мамыр 2012, 23:45

Құрдан құр ағаштарды кесе бермей, тезірек толықтай Электорндық жүйеге көшу керек. Вот сол кезде қағаздар керек болмай қалад

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...