Қағаз жайлы деректер

Қағаз жайлы деректер

Қағаз бетіне күнделікті қажетті мағлұматты түртіп жүреміз. Қағазсыз адам баласының өмірін көз алдымызға елестету мүмкін емес. Сондықтан да, бүгін қағаз жайындағы қызықты деректермен бөлісеміз.

1. Қағаз өндіруші ірі мемлекеттердің қатарына: АҚШ, Канада, Финляндия, Жапония, Швеция жатады. Бұның логикалық түсіндірмесі бар. Өйткені, индустриалды дамыған мемлекеттерде өмір сүретін халықтың  жиырма пайызы әлемдік қағаз өнімдер көлемінің 85%-ын қажетсінеді (пресса, ораушы қағаз).

2. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, қағаз өндірісі кезінде пайда болатын улы газдар климаттың глобалды жылуына әкеліп соқтырады.

3. Егер де, АҚШ-та қағаз өнімдеріне деген тұтынушылық 10% төмендесе, улы газ көлемін 1.6 миллион тоннаға азайтуға болар еді. Бұл 280 мың автокөлік шығаратын улы газ көлемімен пара-пар.

4. Әлемдегі барлық қоқыстың төрттен бір бөлігі қағаз.

5. Жыл сайын американдықтарға поштамен келетін хаттар көлемі 4 миллион тонна қағазды құрайды. Бұл дегеніміз әр азаматқа жыл сайын 10 кг макулатура тиісті деген сөз. Егер де, барлық спамерлер электронды хаттарға көшкенде, бұл жыл сайын 150 мың ағаштың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берер еді.

6. Бір тонна қағазды қайта өңдеп шығарғанда, 17 ағаш аман сақталынып қалады.

7. Қағазды екінші ретті  өңдеу процесі оны ағаштан жасауға кеткен электр энергия қорымен салыстырғанда 50 пайызға төмен. Сондай-ақ, бір тонна қағазды екінші ретті өңдеуден өткізсе, 240 литр жағар-жанармайды, 4000 киловатт-сағат электр энергиясын, 26 мың литр суды үнемдеуге болады.

8. Миллион тонна қағаз 14 000 мың теміржол вагонына сыяды.

9. Соңғы 20 жыл ішінде қағазға деген сұраныс  92-ден 208 миллион тоннаға дейін өскен. Жыл сайын өсу көрсеткіші 126%-ды құрайды. Есептеуіш машиналар мен электронды жүйелердің пайда болуы, сондай-ақ электронды құжат айналым технологиялардың енгізілуі бұл жағдайды айтарлықтай төмендетпеді.

Сурет:c2cn.eu