Талапкер назарына: Химия пәніне қатысты мамандықтар

Талапкер назарына: Химия пәніне қатысты мамандықтар

Қазақстан табиғы ресурстарға өте бай мемлекет екенін барлығымыз да білеміз. Қолда бар пайдалы қазбаларды өңдеп, қажетімізге жарату тәжірибелі білім мен қыруар еңбекті талап етеді. Сондықтан қазіргі кездегі жас буынның талабын химия секілді жаратылыстану ғылымдарының маманы болуға атсалысуды өз міндетіміз деп білеміз.

Химияның бар болмысын жылдам үйрену әркімнің де қолынан келе бермейді. Химия жаратылыстану ғылымдарының күрделі тобына жататындықтан, оған арнайы тәжірибе болмаса нәтиже табудың өзі екіталай. Қиын сала болғандықтан, әлбетте оның қажырлы еңбегінің нәтижесі де маңыздылық танытады.

Көптеген мектеп түлегі ҰБТ-да химия пәнін таңдап, ЖОО-на өз дайындығын жүргізгенімен, нақты қай салада немесе қай мамандықты таңдауға келгенде саябырсып қалатыны бар. Біз осы жағдайды реттеу мақсатында осы жылғы талапкерлерге өз бағытын көрсетуге шешім қабылдадық.

Химия пәні бойынша ұсынылатын негізгі мамандықтар:

050112 - Химия
050606 - Химия
050720 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы 
050721 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы 
050727 – өндірістік заттардың технологиясы 
050728 – Өңдеуді қажет ететін заттардың технологиясы
051103 - Фармация

Аталған мамандықтарға деген сұраныс өте жоғары. Себебі еліміздің мұнай мен газ саласында және одан өзге де салаларда табиғи байлықты өңдеуге келгенде біздің химиктеріміздің талабына сену керек болады. Ал елдің бар инфрақұрылымы осы өндіріс салаларында жатыр. Одан өзге елімізде химия мен медицина өнеркәсібі белсенді даму үстінде болғандықтан, осы мамандық иегерлері ешқандай жұмыссыз қалып қоюы кезікпейді.

Аудармашы мамандығы белігілі бір тілдерді игеруді қажет етсе, химия саласында да осы іспеттес арнайы бағыттағы оқуларды қажет етеді. Химиялық зертханаларда еңбек етуді ұйғарсаңыз, аса ұқыптылық пен сабырлықты бойыңызға сіңірген болуға тиіссіз. Себебі зертханадағы тәжірибелік жұмыстар өзінің оң нәтижесін беру үшін жылдап уақыт кетуі ықтимал.

Химик-технолог — тәжірибе жұмыстарына көп мән беруді талап ететін мамандық. Химик-технологтар еңбегінің арқасында жанармай, үйге керек химиялық жабдықтар секілді отандық өнімдерді тұтынып отырмыз.

Сондай-ақ, химия саласының мамандары энергетикада да сұранысқа ие екен. Энергетикалық ресурстардың қоршаған ортаны ластау салдарын зерттеп, оның алдын алып, қарайтын экологтардың кәсіби химиялық білімі болуы міндетті. Химияның тағы бір негізгі саладағы мамандықтарының бірі фармацевтика мен косметика өнімдерін даярлау болып табылады. Барлық дәрі-дәрмек пен косметикалық заттар фармецевттер жасаған өнім болып табылады.

Қылмыс орындарындағы негізгі фактілерді әшкерелейтін криминалистиканың зертханаларында да химиктерге жұмыс табылады. Одан бөлек құрылыс орындары мен нанотехнологияның салаларында химиятердің алар орны бөлек. Биохимия саласының маманы тірі ағзалар мен жасушалардың химиялық құрылымын зерттейді. Отандық ғылымның дамуына өз үлесін қосатын болады.

Химияның ғылыми бағыттағы мамандықтары көп болғандықтан, еліміздің дерлік барлық ЖОО-да оқытылады. Тек педагогикалық мамандықтар ғылыми бағыттағы университеттерде кездеспейді.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: aktoo.kz

Ж. Өрісбай