Талапкер назарына: Инженер деген қандай мамандық?

Талапкер назарына: Инженер деген қандай мамандық?
Фото: Ruspekh.ru

Инженер (фр. ingénieur, от лат. ingenium — икемділік, өнертапқыштық) – мамандықтың бұл түрі сәулет өнері үлгісінің материалдық ақпараттандыру жабдығының жасаушысы. Оның атқарым құрамын, жүйелік бақылауы мен бағдарламалауын, құрылыс материалының технологиялық дайындамасын, жөндеу әдісі мен құрал-сайман сынамасын, және жұмыстың қалай өріс алуын бақылап, тексеріс жүргізіп отырады.

Инженердің басты тапсырмасы –  қолда бар мүмкіндіктің ең тиімді жаңа әдісін ойлап табу. Мысалы, жоба шешімін оңтайландыру, технология оптимизациясы, менеджмент пен жоспарлау, өнім мен зерттеме бақылау жұмыстары.

Алғашқы кезеңде инженер атауын әскери соғыс көлік меңгерушілері (кран, зеңбірек) иеленіп жүрді. «Азаматтық инженер» деп XVI ғасырда Голландия елінің көпір мен жол құрылысшыларын атаған. Кейінірек бұл сөз Англияға, Пруссияға, кешірек Ресей еліне мамандық иесі ретінде қолданыла бастады. 

Тәжірибе алмасу мақсатында ғылым мен кәсіптік деңгейді жоғарылату одақтары мен ұйымдар құрылған. Мысалы, Электротехника мен электроника инженерлер институты, Қазақ инженерлік бірлестігі т.с.с.

Инженер кәсіптік топқа жататындығына сәйкес нақты тапсырмалар орындайды. 

Шартты түрде негізгі 4 тобын айтса болады:

  1. Конструктор (аспап, құрал т.б. заттардың құрлымын жасайды);
  2. Технолог (құралдардың жасалу, өңдеу жолдарын жасайды);
  3. Экономист (экономиялық саралау мен жоспардың үнемдеу әдісімен аз шығынға қол жеткізу);
  4. Организатор (үй шаруашылық қызметі);

Жеке қасиеттер:

Әрбір инженер өзінің кәсіби деңгейіне қарамастан техника жұмысымен, техникалық нысанмен және технологиялық үдерістермен жұмыс істей алу керек. Сол себептен техникаға деген сүйіспеншіліктің болуы шарт. Техникалық икемділік, ойлау, аңғарғыштық, көз мөлшері негізгі орындарды алады. Бұл жұмыстың жауапкершілік деңгейі өте жоғары, себебі жұмыс нысаны адам өмірімен тікелей байланысты.

Білім: (Нені білу қажет?)

Алдымен инженер базалық дайындық ретінде әртүрлі түрлендірмелі матеметикалық есептердің анализ жасау нұсқаларын, инженерлік графиканы (сызу), сопромат, материалтану сияқты т.б. кішігірім мамандану тәртіптерін жеке бағытына байланысты оқитын болады.

Жұмыс орны мен мансап:

Инженер мамандығы халық шаруашылығының барлық түрімен дерлік айналысады. Олар: фабрика, зауыт, шахта, құрылыс, әскер, транспорт, авиация және т.с.с.  көптеген жерлерде жұмыс жасайды. Ол: шебер, бас шебер, инженер, бас инженер, кәсіпорын жетекшісі, бөлім, аумақ, зертхана бастығы қызметтерін атқарады.

Туыс мамандықтар:

Инженер-конструктор, инженер-микроэлектроншы, құжат бойынша инженер, еңбекті қорғау инженері, өрт қауіпсіздігі бойынша инженер, телебайланыс инженері, инженер-технолог, қауіпсіздік бойынша инженер, инженер-жобалаушы, байланыс инженері, смена инженері, инженер-эколог т.б.

Н. Нұрмаханұлы