- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Жердің тартылыс күші...
Жердің тартылыс күші Айдағы кратерлердің пайда болуына себепші
Ньютонның басына алма түсіп, осы белгісіз тартылыс күшіне адам баласы қызыға түскеніне де 5 ғасырдың көлемі болыпты. Дегенмен, әлі күнге дейін құпиясы мол ғарышты игерумен жүрміз. Осы үдерісте дамыған елдердің ғарыш айлақтары көптеген зерттеулерді жүргізіп келеді. Ағымдағы жылдың маусым айында, алғаш рет ғалымдар орбитааралық соққыны NASA-ның ғарыштағы жасанды серіктері арқылы бақылап, бір өзгерісті байқаған.
Жердегі тартылыс күші толқын болып таралғандықтан, Айдың Жерге тартылу қуаты мұхиттар мен теңіздердегі толқынды тудырады екен. Ал осы әсердің кері бағыты бар болғандықтан, ол айдың бетіндегі кратерлерге соққы береді де ойықтар жасайды. Қызық жағдай ...
«Жердің әсерінен айдың сырт пішіні өзгеретіндігі бізге белгілі болғаннан кейін, Айдың ішкі қабаттарын зерттеуге қызығушылығымыз арта бастады», - дейді NASA ғарыш агенттігінің маманы Эрван Мэзэрико.
Ньютонның заңдылығына сүйенсек, мына бір құбылысқа қарсы келуге тура келеді. Хаббл ғарыш телескобындағы ғарышкерлердің мәлімдеуінше, тартылыс күшінің толқындары Айдың бір бетіне екінші рет айналып келген кезде бұрын болған ойық біршама үлкейеді екен. Жерден барған толқынды бақылау барысында жасанды серіктер түсіріп алған суреттер дау тұдырған гипотезаны айқындап берген.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: news.discovery.com
Ж. Өрісбай