- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Жүрек қағысын реттейтін...
Жүрек қағысын реттейтін кішкене аппарат жасалды
Қоян денесіне орнатылған кішкене ғана көлемдегі кардиореттегіш оның жүрек қағысын бір қалыпта ұстап, ауа кеңістігіндегі қуат көзімен реттеп отырады. Бұл тірі ағзаға қолданылған алғашқы сымсыз қуат көзін тасымалдайтын аппарат. Егер де осындай сымсыз медициналық имплантатты адамға да қолданатын болсақ, онда ол бақылау тәртібінің маңыздылығын төмендетуге мүмкіндік береді.
Калифорния штаты, Стэнфорд университетінің кардиореттегіш имплантатты зерттеушілер жетекшісі Ада Пунның айтуынша «ол құрылғының көлемі титтей болғандықтан, денеге орналастыруға өте ыңғайлы». Оны денеге қондыру немесе титтей кардиореттегіштің қуат көзі таусылып қалған кезінде операциялық іс-әрекеттер жасау керек болады. Пун мен оның әріптестері қоянға көлемі з милиметр болатын, батереясы жоқ титтей кардиореттегішті орнатқан болатын. Металл тілімшені (пластина), ұялы телефон арқылы ғана қуаттандырады, оны қоянның төсінен екі сантиметр жоғары жерде орнатқан.
Тілімше электрмагниттик толқын арқылы кардиореттегішке 2000 микроватт тасымалдайды. Кардиореттегіш қоянның жүрек соғысын реттеп, сыртқы ұлпаларға қуат деңгейін қауіпсіз түрде жеткізеді.
Мұндай қиын зоналарға қуат көзін тасымалдау тым әлсіз саналған, себебі ол шеттен тыс кішкентай және денеге терең орналастыруды талап еткен. Осындай мәселелерден құтылу үшін Пун тобы электромагниттік сәулені тура шоқпен имплантатты жарықтандыруға арнайы тілімше жасаған. Сонымен қатар олар қоян денесінің ұлпасын сигнал жеткізу үшін пайдаланады. Сәулелену жилілік (частота) жоғарылығы жануар ұлпасында кеңінен таралған. Ол аз ғана мөлшерде қуат көзін қолданып, ағзаға ешқандай зиянын тигізбей ары қарай еніп кетуіне мүмкіндік береді.
Бұл құрылғыны Vivonda Medical компаниясының қолдауымен Пун тобы адам ағзасына пайдалану жолдарын қарастырмақшы. Олардың ойынша, кардиореттеуішті адам терісіне жабыстырғыш арқылы орнатуға болады, сонымен қатар, одан да басқа амалдарды көрмекші. Егер де осы аппаратты сәтті қолдана алатын болса, онда жүрек қағысын реттеп отыру үшін ірі көлемді кардиореттеуіштердің керегі болмай қалады. Ол адам өмірін әлде қайда жеңілдетін еді.
Дайындаған:Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: heart-rhythm-center.com
Н. Нұрмаханұлы