Жас химиктің оқулығынан…

Жас химиктің оқулығынан…

Химия десе бірден ойымызға сан түрлі күрделі есептер мен тәжірибелер келеді. Ал одан бөлек, химияның тарихына қызығып көрдіңіз бе? Менделеев кестесіндегі химиялық элементтерді ашқан кімдер? Кестені құрастырған орыстың ұлы химигі Менделеев болғанымен, элементтердің барлығын зерттеп таппаған. Тіпті электрондар саны белгілі болса да элементтің өзі табылмаған кезде (XIX ғасыр), ол кестеде бос орын қалдырып кеткен екен. Назарларыңызға химиялық элементтердің тізімі мен оларды химиялық реакциялардың көмегімен ашқан ғалымдар тізімін ұсынамыз.


  • Азот (N) - (гр. "өмірді қаламайды"), 1772 жылы шотланд химигі Даниель Резерфорд ашқан.
  • Алюминий (Al) - 1825 жылы дат физигі Х.Эрстед таза күйдегісін алды.
  • Астат (At) - (гр. "берік емес"), 1940 жылы американ ғалымы Т.Корсон, У.Маккензи, И.Серге
  • Барий (Ba) - 1808 жылы ағылшын химигі Г.Деви ашқан, ал оксид түрінде (BaO) 1774 жылы швед химигі Карл Шееле.
  • Бериллий (Be) - (берилле металынан табылды), 1798 жылы француз химигі Л.Воклен ашты.
  • Бор (B) - (арабша "бура"), 1808 жылы француз химиктері Ж.Гей-Люссак және Л.Тенар ашты.
  • Бром (Br) - (гр. "ызалы"), 1824 жылы неміс химигі Ю.Любах байқаған, бірақ 1825 жылы француз химигі Балар ашты.
  • Ванадий (V) - (скандинавия мифологиясындағы әдемілік құдайы Ванадис), 1830 жылы швед химигі Н.Сефстрем тапты.
  • Сутегі (H) - (лат. "судың негізі"), 1787 жылы француз химигі А.Лавуазе ашты.
  • Вольфрам (W) - 1781-83 жылдары швед химигі Карл Шееле және испан химиктері ағайынды д'Элюарлар.
  • Галлий (Ga) - (Галлия - Францияның  ежелгі  аты), 1875 жылы француз химигі П.Лекок де Буабодран.
  • Гафний (Hf) - (Гафния - Копенгагеннің ежелгі аты), 1922 жылы голланд физигі Д.Костер және венгер химигі Д.Хевеши зерттеген.
  • Германий (Ge) - (Германияның құрметіне), неміс ғалымы К.Винклер ашты.
  • Индий (In) - (гр. "индиго" - "көкшіл"), 1863 жылы неміс химиктері Ф.Райх және Т.Рихтер ашқан.
  • Иод (I) - (гр. "күлгін"), 1811 жылы француз химигі Б.Куртуа ашты.
  • Итрий (Y) - 1794 жылы фин химигі Ю.Гадолин зерттеген.
  • Кадмий (Cd) - (гр. "мырыш оксиді"), 1817 жылы неміс химигі Ф.Штромейер ашты.
  • Калий (К) - (арабша "күл"), 1807 жылы ағылшын ғалымы К.Деви электролиз тәсілімен алды.
  • Калций (Ca) - 1808 жылы ағылшын ғалымы К.Деви электролиз тәсілімен алды.
  • Оттегі (О) - 1774 жылы ағылшын химигі Дж.Пристли, 1777 жылы швед химигі Карл Шееле зерттеген.
  • Кобальт (Со) - (Кобальт - Ирланд мифологиясындағы қанқұмар гном), 1735 жылы швед химигі Г.Брандт ашты.
  • Кремний (Si) - (лат. "кремень"), 1825 жылы швед химигі И.Берцелиус  силиций деп атады, 1834 жылы орыс химигі Г.И.Гесс элементті орысша кремний деп атады.
  • Литий (Li) - (гр. "тас"), 1817 жылы швед химигі А.Арфведсен.
  • Магний (Mg) - 1808 жылы ағылшын химигі Г.Деви.
  • Марганец (Mn) - 1774 жылы швед химигі Карл Шееле.
  • Молибден (Мо) - 1782 жылы швед химигі П.Гьельш.
  • Мышьяк (As) - неміс химигі А.Больштедт, VII ғасырда араб алхимигі Джабир ибн Гайан.
  • Натрий (Na) - 1807 жылы ағылшын химигі Г.Деви.
  • Нептуний (Np) - (Нептун ғаламшарының құрметіне), 1940 жылы американ химиктері Э.Макмиллан және Ф.Эйблсон.
  • Никель (Ni) - (неміс мифологиясындағы металлургтерді алдайтын гном Никтің құрметіне), XIX ғасырда неміс химигі И.Рихтер.
  • Ниобий (Nb) - (Грек мифологиясындағы Тантал патшаның қызы Ниобаның құрметіне), 1801 жылы ағылшын ғалымы Ч.Хатчет.
  • Полоний (Po) - (Польшаның құрметіне), 1898 жылы Пьер Кюри мен Мария Складовская-Кюри.
  • Радий (Ra)  - (лат. "жарық"), 1910 жылы Мария Складовская-Кюри және А.Дебьерн.
  • Радон (Rn) - 1900 жылы Эрнест Резерфорд пен Р.Оуэнс
  • Рений (Re) - (Рейн өзенінің құрметіне), 1925 жылы неміс ғалымдары И.Ноддак және О.Берг.
  • Рубидий (Rb) - (лат. "қара-қызыл"), 1863 жылы неміс химигі Бунзен таза күйінде алды.
  • Селен (Se) - 1817 жылы швед химигі Берцелиус.
  • Скандий (Sc) - (Скандинавия қрметіне), 1879 жылы швед химигі Л.Нильсон.
  • Стронций (Sr) - (Шотландиядағы Строншиан ауылының құрметіне) маңынан 1790 жылы шотланд ғалымы А.Крофорд осы элемент бар минералды тапты. Стронцийді метал күйінде электролиз әдісімен ағылшын химигі Г.Деви алды.
  • Таллий (Tl) - (гр."жасыл ағаш"), 1861 жылы ағылшын ғалымы У.Крукс.
  • Тантал (Ta) - (грек мифологиясында Фригия патшасы Тантал құрметіне), 1802 жылы швед ғалымы А.Экеберг.
  • Теллур (Те) - (лат. "Жер"), 1782 жылы венгр химигі Ф.Мюллер.
  • Технеций (Тс) -(гр. "жасанды"), 1937 жылы итальян ғалымы К.Перрье мен Э.Сегре.
  • Титан (Ti) - (грек мифологиясындағы Уран мен Геяның балалары Титан құрметіне), 1791 жылы ағылшын химигі У.Грегор және 1795 жылы неміс химигі М.Клопарт.
  • Торий (Th) -  (Скандинавия мифологиясындағы найзағай құдайы Тордың құрметіне), швед химигі И.Берцелиус.
  • Уран (U) - (Уран ғаламшарының құрметіне), 1789 жылы неміс химигі М.Клопарт, ал метал күйінде 1841 жылы француз химигі Э.Пелиго алды.
  • Фосфор (Р) - 1669 жылы гамбургтік алхимик Х.Бранд.
  • Франций (Fr) - (Францияның құрметіне), 1939 жылы француз ғалымы М.Перей.
  • Фтор (F) - (гр. "жою,құрту"), 1886 жылы француз химигі А.Муассон.
  • Хлор (Cl) - (гр. "сары-жасыл"), 1810 жылы ағылшын химигі Г.Деви.
  • Цезий (Cs) - (лат. "аспан-көк"), 1860 жылы неміс химиктері Р.Бунзен және Г.Кирхгоф.
  • Мырыш (Zn) - 1721 жылы саксон металлургі Генкель, 1746 жылы неміс химигі А.Маргграф.
  • Цирконий (Zr) - (Циркон - бағалы тас), 1789 жылы неміс химигі М.Клапорт.

 

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: chemistry.about.com

Ж. Өрісбай