Дельфиндер жайлы қызықты деректер

Дельфиндер жайлы қызықты деректер
Назарларыңызға ең әдемі, ең ақылды балық - дельфиндер жайлы қызықты деректер ұсынамыз. 
  • Дельфиндер жалғыз өмір сүрмейді. 
  • Жалпы әлемде теңіз дельфиндерінің 32 түрі және 4 өзен дельфиндері бар.
  • Ежелгі Грецияда дельфин өлтіргендер ауыр жазаға тартылатын болған. Гректер оларды "әулие балық" деп атайтын болған. 
  • Плиний, Геродот, Аристотель, Элиан секілді атақты философтар дельфиндердің аяушылығын, достығын және адамгершілігін сипаттаған. 
  • Түрлі дельфиндердің суреттері теңізден қашық орналасқан Иорданияның Петра қаласында да кездеседі.
  • Дельфиндер тістерін тек құрбанын ұстап қалу үшін пайдаланады, алайда қорегін шайнауға қолданбайды. Себебі оларда жақ бұлшық еттері жоқ.
  • Кейбір дельфиндер алпыс сөзді ажырата алады. Мұндай мөлшерді сөзден 2000-ға жуық сөйлем құрауға болады. 
  • Дельфиннің өкпесіндегі бір шай қасық су оны оп-оңай батырып жібереді.
  • Деьфин шығарған ауа жылдамдығы сағатына 160 километрден асады. 
  • Дельфиндер адам сияқты қорегінің дәмін ажырата алады. 
  • Дельфиндер сонымен қатар Жер шарының магнит өрісін жол ретінде қолдана алады. Сондыққтан кейбір ғалымдар дельфин меендеген жағалаулардың магниттік өрісі жоғары болу мүмкіндігін айтады. 
  • Кейде дельфиндер өздерінің тұмсықтарымен акулаларды да өлтіре алады.
  • Ғалымдардың пайымдауынша, дельфин даусын дұшпанын қорқыту үшін пайдаланады.   

Сурет: zooclub.ru

Ж. FM