Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / iPhone көмегімен түсірілген триллер

iPhone көмегімен түсірілген триллер

iPhone көмегімен түсірілген триллер

Қазіргі заманғы смартфондар қарапайым адамдарға көптеген мүмкіндіктер сыйлауда. Мардымсыз ғана ақша төлеп, кез келген адам өз смартфондары арқылы үйінен шықпай-ақ интернет кеңістігін аралап немесе видео (фото) камерасыз суретке немесе жазбаша таспаға түсуге мүмкіндік алғалы қашан.

Интернет пен смартфондардың осындай зор мүмкіндігі арқасында адамдардың смартфон арқылы жасаған белгілі бір оқиғаны суреттейтін бірнеше секундтық видеосы немесе сапалы фотосының бір өзі бүкіл қоғамға ықпал ете алатындай күшке ие болды.   

Алайда мобильді девайстар өміріміздің барлық саласына түгелдей дерлік еніп біткен жоқ. Оның ішінде олар әлі күнге дейін тек арнайы құрылғыларды ғана қолданатын кәсіби салаларда қолданылмай келеді. Солардың бірі ретінде киноөндірісін айтсақ болады.  Өнердің бұл түрі тек қымбат әрі сапалы кәсіби камералар, кәсіби жарық тағы сол сияқты кәсіби құрылғылар көмегімен жарыққа шығып отырғаны белгілі.       

Дегенмен дәл осындай консервативті саланы да барлығының дерлік қолдары жетерлік «тұрмыстық» электроника ақырын жаулап келе жатқан тәрізді. Оның бір жарқын дәлелі ретінде «Доктор Хаус» фильміндегі бір эпизодтың толығымен Canon 5D фотоаппаратына түсірілгенін айтсақ болады. Одан бөлек, Ридли Скоттың ұлы өзінің iPhone смартфонына кәсіби деңгейде түсірген жарнамалық ролигі тағы бар. Енді міне, жақында «Uneasy Lies the Mind» атты толықметражды психологиялық триллер бастан аяқ қарапайым iPhone 5 телефонына түсіріліп отыр.

1

Фильмді түсіру жұмысымен калифорниялық киноматографистер Йонас Фиш, Джейми Спеззано, Диллон Такер және оператор Рики Фошейм айналысқан.  

Фильмнің желісі бойынша ондағы персонаж қайғылы оқиға кезінже басынан ауыр соққы алып, есінен айырылады. Соның салдарынан ол өткенін тек еміс-еміс қана есіне түсіреді. Сондықтан басынан бастап-ақ фильм жасаушылар туындыға шынайылық беру үшін таспалы камера (16 мм) көмегімен анық емес картина жасап шығаруды мақсат еткен. Алайда кейін түсірушілер тобы бұл ойынан қайтып, бастапқы камера орнын дәл осындай сапа беретін мүмкіндігі бар бесінші iPhone смартфонымен алмастыруға шешім қабылдаған. Осылайша олар таспаға бір тиын да қаржы жұмсамаған болып шықты.  

2

Әрине еш жасақталмаған «Айфонмен» сапалы туынды жасап шығудың мүмкін емес іс екені түсінікті. Оның линза жүйесі күрделі емес, оның үстіне әлсіз, жарық күші де мардымсыз, тағы сол сияқты кемшіліктері жетерлік. Сондықтан жұмысшы топ iPhone 5 смартфонымен бірге Nikon Cinema Prime сериясына жататын салмақты оптиканы қолдануға мүмкіндік беретін арнайы адаптерді пайдалануға шешім қабылдаған. Дегенмен бұл жерде фильмнің тікелей смартфон көмегімен түсірілгені үлкен маңызға ие болып отырғаны түсінікті.  

Фильм авторларының сөзінше, мұндай ерекше үйлесім кейбір жерлерде өзінің артық тұстарын да көрсете білген. Мысалы, адаптердің әйнегіне үнемі шаң тозаң мен балшық тұрып қала берген. Ал оператор Рики Фошейм болса оны әдейі тазаламаған көрінеді (себебі осының арқасында олар «қызықты текстураға» қол жеткізген). Яғни олар әу баста көздеген картинаға жұмыс барысында қос құрылғының осындай үйлесімі нәтижесінде жеткен.

3

Экспозиция, кадрлардың жиілігі мен видео компрессиясы сияқты кейбір параметрлері Filmic Pro қосымшасы арқылы басқарылып, реттеліп отырған. Ал аудио таспаға кейін жеке басылған. Қорытындысында түсірілген материал мен жазылған дыбыс Final Cut Pro 7 бағдарламасы көмегімен қиыстырылды.

Түсіру тобы әркез күтпеген жағдайларға тап болып отырды. Мысалы, iPhone аккумуляторы төмен температурада далада түсірілген ұзақ жұмыс күнінде жылдам отырып қалған. Сондықтан оператор смартфонды үнемі қолтығына қысып жылытып отырған екен.   

Сондай-ақ iPhone сенсоры әлсіз жарыққа тез арада көндіге алмай, біраз «қиналып», бөгде дыбыстар шығара бастапты. Яғни бұл фильм «Айфон» үшін нағыз сынақ алаңына айналған.  

Дегенмен аппараттың түсірілім кезінде артық тұстары да жоқ емес болып шықты. iPhone пайдалану кезінде өте ыңғайлы, ал тасымалдау кезінде көп орын алмаған. Сондықтан авторлар оны болашақта кәдімгі камералардың бұрын соңды «қолы жетпеген» жерлеріне пайдалануға болатынын ерекше атап айтып отыр.

Фильмнің қалай түсірілгендігі жөнінде қысқаша видео

«Uneasy Lies the Mind» фильмі жақында Сан-Хоседе өтетін Cinequest Film Festival мен Остиндегі SXSW (Техас штаты) кинофестивальдерінде көрсетіледі деп күтілуде. Ал команда болса қазіргі кезде фильмді прокатқа шығару үшін дистрибьютор іздестіріп жатыр екен.

Айта кетейік, аталмыш фильм – «Айфонға» түсірілген алғашқы толықметражды кино емес. Оған дейін 2011 жылы корейлік кинематографтар iPhone 4 құрылғысының көмегімен бірнеше фильм түсіріп үлгерді. Ал бір жылдан кейін iPhone нәтижесінде Америкалық киноакадемияның марапатына ие болған «Қант адамын іздеу» атты фильмнің кей бөлімін түсіруге қолданылды.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: detentionfilms.com

Қосылған күні: 08 наурыз 2014, 03:18
Пікірлер
+0
08 наурыз 2014, 19:16

Кызык екен. Аз каржы жумсайды, сонымен катар жарнамасы да тегин журип жатыр. Не деймиз "Ду кол шапалак". :mrgreen:

+0
08 наурыз 2014, 21:21

меніңше айфонға жасалған жақсы жарнама

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.