Тетрис ойыны алкоголь мен темекіге құмарлықты азайтады

Тетрис ойыны алкоголь мен темекіге құмарлықты азайтады

Соңғы зерттеу нәтижелері үш минут тетрис ойнаған адамның жаман әдеттерге деген қызығушылығының 24 пайызға дейін төмендейтінін дәлелдейді.

Әрине, өзен суындай үздіксіз жүріп жатқан тетрис қорапшалары көптеген адамды мазасыз, көңілсіз күйге жетелеуі мүмкін. Алайда Appetite журналында жарияланған жаңа зерттеу жұмыстарының қорытындысы тетрис ойынының адам денсаулығана тиімді «қосымша әсері» бар екені туралы ақпаратты растайды. Шетімен шегі жоқ осы бір таусылмайтын ойынға бөлген уақытыңыз зая кетеді деп қобалжымаңыз, себебі тетристің жаман әдетке деген кері, емдік әсері анықталып отыр.

Плимут университетінің мамандары зерттеу жүргізіп, адамның ойы мен бір денеге деген құлшынысының тығыз байланысын теория негізінде дәлелдеді. Бұл арнайы зерттеуге 119 адам шақырылған. Алдымен олардан өздері қалаған нәрселерге деген құлшыныстарын 1 мен 100 ұпай аралығында бағалауды сұраған. Одан кейін қатысушылар «ойынға деген құштарлық немесе визуалды бейнелерге деген басыбайлы мұқтаждық» туралы тест толтырды.

ва

Одан кейін қатысушылардың үш минут уақыт аралығында тетрис не басқа бір ойын түрін ойнап жатқан сәті бақылауға алынды. Бұдан соң қысқа уақыт аралығында ойынға деген ынтаның өзгерген-өзгермегенін байқау мақсатында адамдар бірнеше сұраққа жауап берді.

119 адамның 80-і белгілі бір нәрсеге қатты құмартатынын мойындаған. Олардың 58-інің тамаққа деген тәбеті жақсы болса, 10-ы кофеге, 12-сі никотинге аса құмар екен. Осы қатысушылардың құмарлығы өте жоғары деңгейде болған. Ойыннан кейін олардың зиян заттарға деген ынтасы 24 пайызға азайыды.

Зерттеу жұмыстарының қорытындысы көрсеткендей тетрис ойыны адамның жаман қылықтарға деген құлшынысынан пайда болатын ойларды азайтып, бейнелерді жояды. Тетрис тек көзбен байланысты жұмыс істейтін ойын болғаннан кейін, зиян бейнелердің қалыптасуына кедергі жасайды, яки оларды мүлдем әкелмейді.

Бұл емдеу әдісі өзгеше болғанымен, жаман қылықтардан арыламын немесе темекі тастаймын деген жанға табылмас құрал болары анық. Әрине, қазіргі кезде тетриске қыруар уақыт жұмсаудың қажет жоқ. Тек жаман әдетке деген құмарды басу үшін, тетристі қолға алып, күніне екі-үш минут уақытыңызды жұмсаңыз жеткілікті.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: mixstuff.ru

Ш. Талап