Гитлердің күнделігі 65 000 АҚШ долларына сатылды

Гитлердің күнделігі 65 000 АҚШ долларына сатылды

Адольф Гитлердің қолы қойылған екі бірдей Mein Kampf монографиясы аукционнан 65  мың долларға сатылды. Лоттар америкалық Nate D. Sanders Auctions онлайн-аукционынан алыныпты деп хабарлайды furfur.me.

Mein Kampf – 1926 және 1927 жылдары шыққан екен. Оның бетіндегі жазуда Гитлердің бұл кітаптарды 1923 жылы Йозеф Бауэрге сыйға тартқаны туралы жазылған. Гитлердің Mein Kampf кітабы атауының мағынасы «Менің күресім» («Менің соғысым») дегенді білдіреді. 

Бастапқыда аукцион үйі бұл лотқа бар болғаны 20 мың доллар көлемінде баға берген, бірақ соңғы сатып алу құны үш еселеніп кеткен. Оны Nate D. Sanders Auctions онлайн-аукционы жеке кәсіпкерден 2012 жылы 25 мың АҚШ долларына сатып алған.

Мұнымен қатар, Гитлердің жеке сәулетшісі болған Альберт Шпеердің қайыс пальтосы да сатылыпты. Пальто 10 мың долларға сатылыпты.  

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: furfur.me

А. Құлтай