Қайырымды қария

Қайырымды қария

Бұл кісінің аты-жөні - Добри Добрев. Жасы – 98-де. Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері. Болгарияның София қаласынан 10 шақырымдай қашық жерде тұрады.

Әр күн сайын қалаға келіп қайыр сұрау үшін 10 шақырым жаяу жүреді.

Бір таңғаларлығы Добрев өзі үшін алақан жайып, қайыр сұрамайды. Ол ай сайын 80 евро (100 АҚШ доллары) зейнетақы алады. Бұл қаржы өзінің өмір сүруіне толықтай жетеді.

Қария бар тапқан-таянғанын балалар үйіне береді. Соңғы жылдары жинаған ақшасын есептейтін болсақ, шамамен 40 мың евродай (50 мың АҚШ доллары) болады. Ол жетім балаларға өз қаржысынан көмектесуге мүмкіндігі жоқ болғасын осындай әрекетке баруға мәжбүр болған.

Ол ылғи тиын-тебен салған балаларға жылы сөздерін айтудан жалықпайды.

Добревті кейбір адамдар туған жерімен байланыстырып, «Байловодан шыққан әулие» деп атайды.  Бұл жерде оны бәрі жақсы көреді, қамқорлық танытады. Көбісі онымен қарым-қатынас жасаған кезде «Добри ата» деп атайды. Ол бұл ісі арқылы қайырымдылықтың, мейірімділіктің үлгісіне айналды.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: mixstuff.ru

Ш. Талап