- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Жұтуға болатын капсула...
Жұтуға болатын капсула формасындағы әтір
Жақын арада парфюмерия әлемінде бір төңкерістің орын алуы ғажап емес. Оған себеп қазіргі кезде ғалымдар капсула ретінде қабылдауға болатын әтір дайындау үстінде.
Бұл ғажайып өнертабысты Гарвард университетінің биологы Шереф Манси мен аустралиялық креативті дизайнер Люси Мак Рэй жасап шыққан. Олардың өнімі ағзаға сіңіп, адам терісінен генетикалық қайталанбас хош иіс шығара алады.
«Сонда бұл қалай жүзеге асады?» дегенге келсек. Әтірдің молекулалары адам терлеген кезде оның тамшыларымен араласып, теріден бөлінетін болады. «Иістің потенциалы әр индивидуумның температура, стресс және физикалық салмаққа жауап беретін реакцияға байланысты анықталады. Әтірді жұтқан кезде адамның терісі пульверизаторға айнала алатын негізі ретінде пайдаланылады»,-дейді Люси Мак Рэй.
Десек те, Манси мен Мак Рэй өздерінің төңкеріс әкеледі деп күтілген өнертабысын жасап бітірмегендіктен, оның қашан жарыққа шығатыны жөнінде ешқандай ақпарат жоқ. Жаңа өнімнің адам ағзасына кері әсері жөнінде де маңызды ешнәрсе айтылмай отыр. Сондықтан адам жұту арқылы иіс шығаратын ерекше әтірдің технологиясы әлі де жетілдірілетіні анық.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: drunov.ru
Б. Қосмағамбет