Панданы жақсы көретіндер кімдер?

Панданы жақсы көретіндер кімдер?

Панданы жақсы көретін адамдардың интернеттегі парақшасын қарап отырып, небір қызықты суреттерге тап боласың. Кейбірінің панданың қылықтарын салып, панда боп өмір сүретініне көзің жеткенде, еріксіз таңданбасқа шара қалмайды. Оларға жетпегені – бамбукпен тамақтану ғана. 

Панданың "табынушылары" интернетте "Панданы не үшін жақсы көруің керек?" деген сауалнама жүргізіп, оған түрлі-түрлі жауап табудан шаршаған емес. Сырт көзге ұяң көрінетін панда достыққа адал тіршілік иесі деседі.

Қытайдың ұлттық қазынасына жататын үлпілдек аюдың тартымдылығына шәк келтіру қиын. Интернет қолданушыларының сүйкімді суреттері осыны айғақтайды.

Әлеуметтік желілерді қопарып отырып, панданың тұрмысқа дендеп енгенін байқауға болады. Ойыншық-панданы ысырып қойып сөйлесек, саусағымызда – панда.

Аяғымызда – панда.

Тамағымызға дейін – панда!

Бәрін айт та, бірін айт, панданы ұнататын интернет қолданушылары бір төбе болса, жұмсақ аюды өмірінің бір қуанышына айналдырған жұлдыздар шоғыры да жоқ емес. 

"Кунг-Фу Панда" мультфильмін дыбыстаған Анджелина Джолидің пандамен бірге түскен суреттері интернетте жетіп артылады. Жұлдыз сүйкімді ойыншық-пандамен бірге түскен барлық дерлік суретінде көңілді көрінеді.

Джеки Чанның Ла мен Зи атты екі жұмсақ пандасы бар. Ол сүйікті ойыншықтарын қолынан тастамай, көңілі көтеріңкі кезде бірге алып жүреді екен. Ол тек пандаға деген сүйіспеншілігі ғана емес, құрметі де. 

Тәжірибеден шаршамайтын Леди Гага болса, панда-макияжымен жұрттың пандаға деген қызығушылығын арттырмаса, кеміткен емес. 

Қазақстандық өнерпаздар ішінде де панданы жанындай жақсы көретін жұлдыздар бар. Соның бірі инстаграмдағы парақшасына "Панда" деп ат қойған "Орда" тобының мүшесі – Есболат Беделхан. 

Әнші әлеуметтік желілерге панданың қатысы бар суреттер салғанды ұнатады. Айтпақшы бүгін әншінің туған күні екен. Есболаттың өзі осыдан бірер уақыт бұрын интернетке анасының суретін жүктеп, "Бүгін ол мені дүниеге әкелді" деп жазды. Осы орайда Есболатты туған күнімен құттықтап қояйық!

Танымал продюсер Алуа Қонарова да пандаға деген махаббатын жасырған емес. 

Әлеуметтік желілерді жіті қадағадап отыратын жанкүйерлер Алуа ханымның әлсіз тұсын жақсы біледі. Өйткені продюсер виртуалды түрде сыйға келген пандалардан көз ашпай қалатын кездері де, бір ауыз ренішін білдірмей, балаша қуанумен болады. 

Бұл тізім осымен тоқтамайды. Көзілдірікті аюдың өзі болса, сирек кездесетін сүйкімді жануар ретінде Гиннестің рекордтар кітабына тіркелген. 

Панданы ұнататын интернет қолданушыларының іс-әрекеттерінің астарында "Панданы сақтап қалу" ұраны жатқаны рас. 

Өйткені Қызыл кітапқа енген жануар жойылып кетудің алдында тұр... 

Автор: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: twitter.com, instagram.com, dezinfo.net, photo-pics.ru, voprosy-kak-i-pochemu.ru

М. Оңғарова