- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Көк түсті жанартау...
Көк түсті жанартау лавасы
Планетамыздың әр бұрышында біз көрмеген, біз естіп білмеген жауһарлар табылады. Солардың бірі - "Kawah Ijen" индонезиялық шахтасы. Мұндағы көгілдір түстегі лава көпшіліктің көңіл әлемінде көп уақытқа тұрақтап қалуда...
Kawah Ijen - Индонезиядағы Шығыс Яве жанартау аймағындағы бір шоғыр саналады немесе Ijen жанартауының бір бөлігі. Күкірт қышқылына толы көгілдір ақықтың әлемдегі ең үлкен өзені жер астында 200 метр тереңдікке дейін белсенділікке ие.
Шахтерлер бұл аралықтан күкірт алып, себетпен жарыққа шығарып, келісін 5 центтен сатады екен.
Өзеннен аққан жоғары темпуратурадағы сұйық күкірт сол тұста көк отқа айналады. Өздігінен тұтану үшін өзенде қатты ыстық бола қоймайғандықтан, жанартаудың жылымшылап аққан жай бір құймасы болады. Содан болса керек, түнде бұл жер электр жарығы қосылған жарық орындай секілді.
Егер сіз бұл орында көп болғыңыз келсе, онда өзіңізбен бірге противогаз ала кіресіз. Жер астында булану бар.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
сурет: boston.com
Л. Лига