Қазақстандық ғаламтор 52–орында

Қазақстандық ғаламтор 52–орында

NetIndex компаниясы 188 мемлекеттің ғаламтор жылдамдығының рейтингін жасап шықты. Бұл тізімде желіден ақпарат жүктеп алу жылдамдығы бойынша Қазақстан 52-орыннан көрінді. Көрсеткіш – 13,64 Мб/с. Бұл туралы Kazakhstan Today хабарлайды. 

Рейтингтің көшбасшылары ретінде Гонконг (69.01 Mbps) пен Сингапур (59.13 Mbps) танылған, ал үшінші орында Румыния (54.96 Mbps) тұр.

Басқа да мемлекеттердің көрсеткіштері туралы айта кетейік:

Литва – жетінші орын;

Латвия – он үшінші орын;

Молдова – он бесінші орын;

Эстония – жиырма бірінші орын орын;

Ресей – жиырма тоғызыншы  орын;

Украина – отыз үшінші орын;

Қытай – қырық үшінші орын;

Грузия – қырық сегізінші орын;

Тәжікстан – елу жетінші орын;

Армения – алпыс үшінш орын;

Белоруссия – жетпіс тоғызыншы орын;

Қырғызстан – сексенінші орын;

Әзірбайжан – жүз он бірінші орын;

Өзбекстан – жүз жетпісінші орын;

Аталған компанияның анықтауы бойынша, жалпы ғаламтордың әлем бойынша орташа жылдамдығы 16,31 Мб/с көрсеткішті құрайды екен. Мұндай нәтиже бірнеше тексеріс пен тест қорытындысы бойынша жарияланған.

 Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: karaul.ru