- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- «Киндер Сюрприз» жайлы...
«Киндер Сюрприз» жайлы 15 факт
«Киндер Сюрприз» жайлы білмейтін адам жоқ шығар. Ішінде кәдесыйы бар шоколад жұмыртқа бәріміздің бала кезден сүйіп жейтін тәттілеріміздің бірі. Қазірде бұл шоколадты жұмыртқа бес құрлықтың алпысқа жуық елінде сатылады. Жер бетіндегі көптеген балаларға таныс ортақ дәм жайлы қызықты фактілерді біле отырыңыз.
1. Тауар белгісі итальяндық «Ferrero» компаниясына тиесілі. Шоколадты жұмыртқаларды компания 1974 жылдан бастап шығара бастаған.
2. «Киндер-Сюрприз», яғни ішіне кәдесый салынған шоколад идеясы швейцариялық дизайнер – Генри Ротқа тиесілі.
3. Киндер бес құрлықтың алпыстан астам елінде сатылымда.
4. «Ferrero» өнімдерінің балаларға арналған желісі Kinder деген атпен шығарылады. Сол себепті «kinder» (киндер) сөзі шоколадты жұмыртқа атауының ажырамас бөлігі. Ал атаудың екінші бөлігі, «surprise» сөзі шоколад сатылымға түскен елдің ұқсас сөзіне өзгеруі мүмкін. Осылайша Ферреро компаниясының жұмыртқалары Германияда «Kinder Uberraschung», Италия мен Испанияда - «Kinder Sorpresa», Португалия мен Бразилияда - «Kinder Surpresa», Швеция мен Норвегияда - «Kinderoverraskelse», Англияда - «Kinder Surprise», ал Ресейде – «Киндер сюрприз» деп аталады.
5. Ыстық климатты елдер үшін «Ferrero» «Киндер Сюрприз» жұмыртқаларын Kinder Joy деген атпен басқаша технологиямен өндіреді.
6. Қазіргі таңда «Киндер Сюрприздер» балалар ғана емес, жұмыртқадан шыққан ойыншықтарды коллекциялайтын ересектер арасында да өте танымал. Ойыншықтарын коллекциялау қазірде кең ауқымға ие болды. Интернет-аукциондарда ойыншықтардың сирек кездесетін түрлеріне бағалар 1000 еуродан асады. 2007 жылдың ақпанында eBay аукционында 90 мың ойыншық коллекциясы 30 мың еуроға сатылған.
7. Екі қабатты шоколадты жұмыртқа дайындау процесі жаңа өнертабыс болып саналады және мұны «Ferrero» компаниясы патенттеп алған. Сары капсулалы салма да жұмыртқаның сарысына ұқсатып жасалған.
8. «Киндер Сюрпризден» басқа «Ferrero» компаниясы Ferrero, Raffaello, Fiesta, Nutella, Duplo, Тик-Так және тағы басқа конфет, драже, тәтті тоқаш, паста, шоколад пен батончиктер өндіреді.
9. «Киндер Сюрприз» шоколадты жұмыртқаны АҚШ-та сатуға тыйым салынған. Мұнда 1938 жылы қабылданған заң бойынша желінбейтін заттарды тамақ өнімдеріне салуға болмайды.
10. Жұмыртқаның орташа салмағы 35 граммға жуық.
11. «Киндер Сюрприз» 32% сүт өнімдерінен тұрады. Демек, тәттінің бәрі пайдалы емес деген пікірге кереғар.
12. Киндер қораптары 3, 6, 12 және 24 ұяшықты болады.
13. Кәдесый ойыншықтар «Киндер Сюрприз» үшін арнайы ойластырылып, жасалады. Және бәрі ерекше болып келеді. Бір жылда 100 мыңнан астам түрлі киндер-ойыншықтар сатылымға түседі. Олардың арасында пластмассадан, металлдан, тіпті ағаштан жасалған кәдесыйлар бар.
14. «Киндер Сюрприздің» ең алғашқы партиясы бір сағаттың ішінде сатылып кеткен.
15. «Киндер Сюрприздің» 30 жыл ғұмырында 30 миллиардтан астам шоколадты жұмыртқалар сатылған.
Сурет: bigpicture.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina