Енді иттердің тілін түсіне аламыз...

Енді иттердің тілін түсіне аламыз...

Сіздің үйіңізде ит бар екені анық. Ал, сол итіңіздің не ойлайтыны жайлы бір сәт ойланып көрдіңіз бе? Егер ойланып көрсеңіз, не айта аласыз? Енді бұл ойыңыз өз нүктесі қойылғанша маза бермесі анық. Шведтердің техникалық дайындалған тобы жануарлардың тілін түсінудің жаңа сатысына көтерілді.

Олар иттердің ойлау пороцесін адам тіліне аударып беретін құрылғы ойлап тапты. Құрылғы No More Woof деген атауға ие. Сондай-ақ, Arduino базасында жасалып, аударма арқылы жүйке жүйесіннің негізгі нүктелеріндегі айырманы анықтайтын электроэнцефалографпен байланыстырылған. Иттің бір мезеттегі абалап үруі де еш кедергі келтірмей, адам тілінде түсінуімізге мүмкіндік туғызады. Не бары үш сөзді анықтайтын құрылғының өзі $65 тұрады екен. Ал, сізге алтын жалатылған түрі қажет болса $1200-ға сатып ала аласыз.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: 24gadget.ru

Ш. Талап