Алғашқы иіссу

Алғашқы иіссу

Біз иіссу тарихын қозғай қалғанда, ең алғашқы дезодоранттың (айтпақшы, ол "Мама" деп аталатын) 1888 жылы пайда болғандығын ауызға аламыз. Бұл жаңсақ пікір. Адамзатты терінің жағымсыз иісі сонау ықылым замандарда-ақ ойландыра бастады. Мұның дәлелі Ежелгі Египет жерінде иіс шығаратын қоспалардың болуы.

Ақсүйек египеттіктер хош иісті майларды қосып суға түсетін болған және өздерінің қолтықтарын иіссумен сылаған. Кейіннен бұл әдісті гректер үйренді де, римдіктердің күнделікті тұрмыстарынан ойып тұрып орын алды.

Жаңа дәуір басталысымен, христиандық шіркеулердің ықпалы күшейіп, жеке бастың гигиенасына қажетті және тері күтіміне арналған бұйымдардың бәрі ысырылып тасталынды.

Уақыт өте келе олардың жаңа түрлері қолданысқа енді, бірақ өте қымбат еді. Оларды кез келген адамның сатып алуға ақшасы жетпейтін.

ХІХ ғасырда пайда болған иіссулар (туалетная вода) әлдеқайда ыңғайлы және қолжетімді еді. 1903 жылы  антиперспирант шықты. Ол иісті жойып қана қоймай, тері саңылауларын бітеп, иістің жолын бөгей алады.

Міне, енді сіз өз иіссуыңыздың толық тарихын білесіз...

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: fb.ru