Оқи отырыңыз

Адам тек жаңа туған кезінде, содан соң тек өлер сәтінде ғана бар күнәһарлықтан таза, ақ, адал сезімнің айдынында жүзе алады

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Хайуандардың қазақша атаулары

Хайуандардың қазақша атаулары

Хайуандардың қазақша атаулары

Бүгінгі күнде айналамыздағы көптеген хайуанаттарды қалай атау керек екенін біле бермейміз. Оның өзіндік себептері де бар, мысалы, қазақ жұртының мал шаруашылығы өмірінен алыстай бастауы мен қолдағы шаруашылықта тек қазаққа таныс төрт түліктің қалуы деуге болады. Ендеше бұл дүниелерді біле жүрген, көкейге түйе жүрген артықтық етпейді.

Аталықтарының аталуы:

Қандағай-бұланның бұқасы.

Андағай-бөкеннің бұқасы (бұл шашылып шапқылайтын аң екен).

Абадан, арлан-қасқырдың еркегі.

Сұғын бұғының бұқасы (қазақ қадала қарағанды «сұғын қадап» дейді).

Істі, мәнжу-аюдың еркегі.

Сырттан-арыстанның еркегі.

Қабан, теріс азу, қаракиік-доңыздың еркегі.

Шәулі-бүркіттің еркегі.

Лөкшік-екі жастағы түйе.

Буыршын-үш жастағы түйе.

Өлек-төрт жастағы түйе (бура).

Мая-бестен асқан бура.

Бура-қос өркешті түйенің еркегі.

Сырттан-иттің ең мықты төбеті.

Төбет-иттің еркегі.

Кежек-үйректің еркегі.

Құмайық-ит (қазақта «Ит төресі-құмайық, құс төресі-бидайық» деген мақал бар).

 

Хайуанаттардың аналығының атаулары:

Мауыр-піл ұрғашысы.

Машы-есектің ұрғашысы.

Өлекшін, құртқа, шулан-қасқырдың қаншығы.

Кірекей-аюдың ұрғашысы.

Қаншыр-арыстанның ұрғашысы.

Жусақ-тауешкінің шыбышы.

Таутан-барыстың ұрғашысы.

Мелике-жыланның ұрғашысы.

Бүлдіршін-нардың інгені.

Аруана-нардың інгені.

Мегежін, торапай-қаракиіктің ұрғашысы (енді ғана үйігу жасына жеткен қаракиіктің ұрғашысын торапай дейді).

Ақ тамақ-толқсып жеткен құнажын.

Ұябасар-ұрғашы бүркіт.

Қаншық-иттің ұрғашысы.

Інген-түйенің ұрғашысы.

 

Хайуанаттардың төлдерінің аталуы:

Көгілдыр-аққу балапаны.

Мамыр-қаздың балапаны.

Күшік-ит және ит тұқымдас хайуанаттардың баласы.

Абдан-арыстанның күшігі.

Қонжық-аюдың күшігі.

Алан-қабыланың күшігі.

Бөлтірік-қасқырдың күшігі.

Шөнжік, мәулен-жолбарыстың күшігі.

Жаутаң, мыршай, қарақұлақ-түлкінің күшігі.

Бодық-борсықтың күшігі.

Қонай-құндыздың күшігі.

Торай-доңыздың күшігі.

Еңілік-еліктің бұзауы.

Құралай-киіктің лағы (ұшартышқан, құмалағы дәрі).

Қодық-есектің құлыны.

Көдек-құланың құлыны,

Баспақ-алты айлық бұзау (сиырдың).

Қодыға-маралдың бұзауы.

Көжек-қояның баласы.

Марғау, безек, соқыр-мысықтың баласы.

Балапан-құстардың баласы.

Бота-түйенің төлі.

Көпек-ерте туылған қозы.

Көпелдес-ерте туған жүндес қозы.

Тайлақ-бір жастан асқан бота.

Тана-тайынша.

Торпақ-бұзау тайынша.

 

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: ivsky.com 

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 03 желтоқсан 2013, 15:11
Пікірлер
+0
03 желтоқсан 2013, 16:30

Керекті дүние беріпсің. Рақмет!

+0
03 желтоқсан 2013, 16:52

Рахмет) не гой, "шыбыш" деген не?

+0
03 желтоқсан 2013, 17:37

Шыбыш деген ешкі тектес малдың ұрғашысы.

+0
03 желтоқсан 2013, 18:57

жақсы енді қаншық дейтін болам :|

+0
03 желтоқсан 2013, 23:48

біршамасын білмейді екенмін, рахмет ;)

+0
04 желтоқсан 2013, 13:34

Өте орынды жазба екен! Рақмет!

+0
08 желтоқсан 2013, 21:35

Толық оқымадым.

"Істі, мәнжу-аюдың еркегі"
Аюдың еркегі - матай!

"Төбет-иттің еркегі"
Төбет ол порода емес пе? Мәшкі иттің еркегін төбет деуге келеді ме? Келмейді.

+0
12 желтоқсан 2013, 19:21

Мелике - жыланның ұрғашысы :idea:

+0
17 желтоқсан 2013, 15:04

сонымен Сырттан Арыстанның еркегі ма? әлде иттің мықты төбеті ма?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.