Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Нетбуктің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

Нетбуктің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

Нетбуктің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

Нетбуктердің көлемі кішкене, әрдайым бірге алып жүргенге ыңғайлы әрі барынша стильді түрлері бар. Оларды журнал беттерінен де көріп қаламыз. Оның көмегімен көпшіліктің назарында болғанды ұнататын адамдар сөмкесінен алып, қай жерде отырғанына қарамастан жұмыстарын ретке келтіріп отырады. Оны екінші адам көріп, "Дәл осындай құрылғыны мен де алсам қайтеді?" деген ойға қалады. Екінші ойландыратын мәселе: "Бұл құрылғының әдеттегі компьютер мен ноутбуктерден айырмашылығы қандай? Оны не себепті ұялы телефондар алмастыра алмайды?" Осыны анықтап көрейік.


Ең алдымен компьютерге қарағанда үйдегі көп орынды үнемдейтінін айта кеткеніміз жөр. Үнемдегенімен тұрақты жүйелік блоктың орнын алмастыра алмайды. Сонымен қатар ноутбуктің де қарапайым жұмыстарын атқара алмайтыны анық. Нетбук атауы ағылшын тілінен аударғанда «Интернетке арналған кітап» мағынасын білдіреді. Бастапқы кезде дамыған мемлекеттерде балалар ойыншығы ретінде жасалып, артынша үлкендерге де керек құралдың қызметін атқарған.

Бұл құрылғының кемшіліктері мен артықшылықтарына жеке тоқталып өтейік:

Кемшіліктері:

- экраны кішкене (ойымызда автоматты түрде фильмдерді көру қаншалықты ыңғайлы деген сұрақты тудырады);

- қызметін толық атқармайды (ойындарды ойнау барысында қатып қалады);

- саусақпен жылжытуға арналған тышқаны кішкене (тышқан сатып алып қолданған жөн).


Артықшылықтары:

- көлемі кішкене әрі салмағы да жеңіл (әдеттегі ноутбукпен салыстырғанда);

- пернетақтасы үлкен (ұялы телефонмен салыстырғанда);

- мобильділік (кез келген жерде Wi-Fi пайдалануға, usb-модемдерді қосуға болады);

- бағасы (ноутбуктың жарты бағасымен бірдей).

Нетбукпен қандай жұмыстарды жасауға болады?

- Интернетке еркін кіру (бұл – басты мақсаты десек те болады);

- Skype секілді бағдарламаларды пайдалануға болады (ол үшін арнайы камерасы да орнатылған);

- Microsoft Office Word құжаттарында мәтін өңдеуге болады;

- Әуен тыңдау.


Нетбукті үнемі интернет желісінде отырып, үздіксіз блог жазып, e-mail арқылы хат алмасып, желідегі достармен араласқанды ұнататын адамдар сатып алғаны жөн. Бір компьютерді бірнеше адам пайдаланатын жағдайда ойланбастан нетбукті сатып алып, еркін жұмыс жасауға болады. Жазда демалысқа алысқа қыдырып бара жатқанда аяқталмаған жұмыстарды орындау үшін осы құрылғы ыңғайлы.

Алайда оны сатып аларда, мына мәселелерге мән бергеніміз жөн:

1. Аккумуляторының шыдамдылығы

Қолайлылығы үшін алып жүретіндіктен, сатып аларда қуаты қанша уақытқа дейін жететіндігін анықтап алыңыз.

2. Орнатылған жүйе

Заманауи нетбуктер Windows немесе Linux жүйесінде жұмыс жасайды. Linux жүйесі тегін, ал Windows жүйесі қымбат.

3. Wi-Fi қызметі

Wi-Fi қызметінің орнатылғандығына мән беріңіз. Оның көмегімен ақша үнемдеуге болады.

4. Экранының көлемі

Көлемі 8,9 дюймнен жоғары болғаны жөн. Одан аз болған жағдайда, көру мүшелеріне зақым келтіреді.

Сонымен заманауи техниканы алуға ұмтылғанымыз жөн бе? Оны өздеріңіз шешесіздер. Үйіңізде жақсы жұмыс істейтін компьютер немесе ноутбук болған жағдайда, әрі интернетті көп пайдаланбайтын болсаңыз, оны сатып алудың қажеті жоқ. Оны Photoshop немесе autoCAD секілді бағдарламаларда жұмыс жасайтын дизайнерлер, инженерлер, бухгалтерлер де пайдалана алмайды. Көп орынды алатын бағдарламаларды жүктегенде қатып қалады. DVD форматындағы киноларды көрген кезде қуаты жылдам отырып қалады. Сол себепті оны таңдамас бұрын, мұқият ойланып алыңыз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: mobiset.ru

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 18 қараша 2013, 18:04
Пікірлер
+0
18 қараша 2013, 18:56

Нетбук қолданамын. Басты кемшілігі – экранының кішілігінде. Шұқшиып, үңіліп отырғаның ))) Басты артықшылығы – көлемі. Қол сөмкеңе де сыйып кетеді.

+0
18 қараша 2013, 19:52

Маған жарап жатыр екен :)

+0
18 қараша 2013, 20:13

Нетбугым болған. Сыйлап жібердім. Қазір өкініп жүрмін. :evil:

+0
18 қараша 2013, 21:46

Ноутбук, Леново. Тәуір ақ. Нетбук алмаппын.

+0
19 қараша 2013, 10:07

болған студент кезімде, сөмкеге салып жүре бересің, рахат.

+0
19 қараша 2013, 11:16

Нетбугым үйде құры тұр. Сол кезде планшет алмағаныма өкінем шынымды айтсам :roll:

+0
20 қараша 2013, 13:19

оте қолайсыз гой адамнын козин ауыртады жумыс истеу мумкин емес

+0
23 қараша 2013, 23:01

нетбук расында да интернетке ыңғайлы,салмағы жеңіл,ұстауға ыңғайлы,бағасы аса қымбат емес

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.