Біз білмейтін тыныс белгілер

Біз білмейтін тыныс белгілер

Біздің санамызға сіңіп және пернетақтамызда орналасып алған тыныс белгілердің саны аз емес. Бірақ сіздер бұлардан да өзге тыныс белгілердің барынан хабардарсыздар ма? Тек олар біздің пернелерімізде орналасып үлгермеген. Оны көбіне жазбаша хаттарда көп қолданған. Ендеше бізге де осы уақытқа дейін белгісіз болып келген тыныс белгілермен танысатын кез жеткен сияқты.

Интерробанг белгісі


Интерробанг – леп белгісі мен сұрау белгісінің тұтасқан атауы. Сіздер мұндай белгіні бұрын-соңды көріп пе едіңіздер? Көрмесеңіздер, жақын арада әлеуметтік желілерде бұл белгінің танымалдылығы артып келеді. Сізге осы уақытқа дейін белгісіз болып келген тыныс белгісінің бұл түрінің ешқандай да күрделі түсініктемесі жоқ. Бұл тек сөйлем соңында қойылатын «!?» (леп белгісі мен сұрау белгісі қатар келетін) белгі. Көбіміз бұл белгілерді бөлек-бөлек жазып жүрміз. Бірақ бұл белгінің шартты атауы интерробанг екендігін және оның осы суреттегідей бейнеленетіндігін есте сақтайық.

Риторикалық сұрау белгісі


Тағы бір бізге белгілсіз болып келген мына белгі сұрау белгісінің айнадағы көрінісі. Бұл белгіні 1580 жылы Генри Дэнхем ойлап тапқан. Оны 1600 жылдан бастап риторикалық сұрақтардың соңына қойып пайдаланған.

Мысқыл белгісі


Мысқыл белгісінің сипаты негізінен риторикалық сұрау белгісіне ұқсайды. Тек бұл белгінің риторикалық сұрау белгісімен салыстырғанда ирегі күрделірек. Басқа белгілерден айырмашылығы да жоқ емес: Мысқыл белгісі өзге тыныс белгілері секілді сөйлемнің соңында емес, сөйлемнің алдында қойылады. Бұл белгіні он тоғызыншы ғасырдан бастап қолдануды алғаш ұсынған – жазушы Алькантер де Брам. 1966 жылы жазушы Эрве Базен өзінің «Plumonus L`Oiseau» кітабында осы аналогиялық белгіні және басқа бес тыныс белгісін көрсетіп өткен.

Махаббат белгісі


Базеннің кітабында көрсетілген тыныс белгілердің қатарында осы махаббат белгісінің де қарасы бір көрінген. Бұл белгі екі сұрау белгісінің бір-біріне қарап тұрғандығымен немесе бір сұрау белгісінің айнадан өзін көріп тұрғандығымен түсіндіріледі. Әйткенмен олардың астындағы нүктелері ортақ болып келеді. Бұл белгі махаббат хаттары мен құттықтау ашық хаттарында жиі қолданылады. Мысалы «Мерейтойыңмен (махаббат белгісі)» Егер бұл белгі біздің пернетақталарымызға орнатылса, бүгінге күнге дейін аса танымалдылыққа ие болып күнделікті саусақтарымыздың астында қалып жүрер еді.

Келістіруші белгі


Базен өз кітабында бұл белгіге де көңіл аудармай кетпеген. Оның айтуынша, бұл белгі келісімнің, сәлемдесудің мәнін береді. Сіздерге де бұл белгіні қолдануға кедергі жоқ. Мысалы мынадай сөйлемдерде: «Сені көргеніме қуаныштымын (келісім белгісі)», «Гүлдей берсін, Алматы (келісім белгісі)» және т.б.

Сенімділік белгісі


Өзіңіздің берік сенімділігіңізді білдіруге қиналып тұрсаңыз, сөйлемде осы сенімділік белгісін қолдансаңыз болады.

Күмәнділік белгісі


Күмәнділік белгісі сенімділік белгісіне қарама-қарсы келетін белгі. Осы белгі арқылы өзіңіздің күмәніңізді білдіруіңізге болады.

Беделді белгі


Бұл белгіні де ойлап тапқан жазушы Базен болатын. Беделді белгі аты айтып тұрғандай беделді тұлғалардың арасында жүреді. Белгінің сұлбасы түрік сұлтандарының қолшатырына көбірек ұқсайды. Бұл белгі сыртқа шығарылатын хаттар мен құжаттарда қойылған. Онымен қоса беделді белгіні бұйрықтар мен келісімшарттарда да қолдануға болады.

Келеке белгісі


Келеке белгісі – «Paul Sak» сауда маркасының авторлық құқығымен қорғалып алынған ерекше белгі. Әйткенмен бұл белгі өте сирек көзге ұшырасады. Бұл белгіні сөйлемдегі келеке сөздерді көрсету мақсатында қолдануға болады. Көбіне әзіл-қалжыңдарға, күлкілі сөйлемдер мен ысқақты сөздерге қойса да артық емес.

Снарк-белгі


Бұл белгі сөйлемде жасырын ой барын, оны қалай жазылса солай түсіну міндетті емес екендігін білдіреді. Снарк-белгі басқаларға қарағанда оңай теріледі. Ол үшін алдымен нүктені (.), сосын ирек сызықты (~) басамыз. Онымен қоса снарк-белгі басқалар секілді авторлық құқықпен қорғалмаған.

Астеризм


Бұл ерекше белгі де өте сирек кездеседі. Бұрындары астеризм белгісін кітаптарда әр бөлімнің басына қолданған. Бүгіндері астеризм шаршаған халге жетіп отыр. Оның сұлбасы жазғанға және пернетақтада тергенге қиын болғандықтан, жай ғана үш жұлдызшаға (***) ауысып кетті. Сондықтан кешегі астеризмнен бүгінгі үш жұлдызшаның ешқандай да айырмашылығы жоқ. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: lenta-ua.net

А. Әбілхан