- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Ұлу - генератор...
Ұлу - генератор
Электр энергиясына деген сұраныс күннен-күнге өсіп жатыр. Заман талабына сай электронды құрылғылар энергияны көп тұтынатындықтан, оған төленетін қаражаттың сомасы да өсуде. Ал жаңа электр станцияларын тұрғызу қыруар еңбек пен үлкен қаражатты талап етеді. Қуат көзінің азаюы дүниежүзіндегі жүздеген ғалымдардың жаңа қорек көздерін табуына әкелді.
Потсдамдағы Кларксон Университетінің химия профессоры Евгений Кац пен оның әріптестері ұлулардың денесіне кішкентай өлшемді биоотынды ұяшықтарды енгізіп, жаңа электр қорегін алды. Бұл тәжірибе гемолимфадағы глюкозаның тотықсызданудың арқасында жүзеге асырылып отыр. Анод пен катодтың контактілері ұлу қабыршағындағы кішкентай тесіктен өткізіліген.
Егер тарақандар, не жүзім электр энергиясын тек бірнеше күн тудыратын болса, ұлулар үзіліссіз бірнеше ай қорек көзі болуы мүмкін,-дейді Кларксон Университетінің химия профессоры. Ұлудың қабыршағына контактілер өткізілгенімен, оның денсаулығына еш қауіп жоқ. Ұлу баяғыша ұзақ әрі бақытты өмір сүріп жүре береді, -деді Евгений Кац. "Жәндіктердің дені сау, олар тамақтанады, су ішеді, біз оларды барлық қажетті затпен қамтамасыз етіп, олардың ұзақ уақыт бойы өмір сүруі үшін барлық жағдайды жасап отырмыз"-деді Кац өз сөзінде.
Алғашқы бірнеше минут уақыт ішінде зерттеушілер ұлулардың көмегімен 7,45 мкВт электр энергиясын алғанымен, кейін бұл көрсеткіш 0,16 мкВ-қа дейін төмендеген. Бұны электродтағы глюкоза қорының азаюымен түсіндіруге болады. Бұған қарамастан ұлу ары қарай өмір сүріп, тамақтануын жалғастырғандықтан, оның глюкоза қорегі қалпына келеді. Ал бұл өз кезегінде электр энергияның генерациялануына себеп болады.
Ұлулар шұбалшын мен басқа да жәндіктер сияқты кішкентай қуатты құрылғыларды электр қорегімен қамтамасыз ете алады (датчиктер, сымсыз таратқыштар). АҚШ-тың қорғаныс министірлігі бұл жобаны қаржыландырып, зерттеушілерге демеу көрсетіп жатыр. Олардың басты мақсаты қоршаған ортаны зерттеуге арналған киборг-жәндіктердің пайда болу жолын табу. Бұған қоса, зерттеушілер бұл жобаның медицинада қолданылуын жоспарлап отыр. Олардың пайымдауынша, адам қанындағы глюкоза құрылғының көмегімен тотықсызданатындықтан, медициналық құрылғыларды қоректендіруге болады. Зерттеушілер мысалға кардиостимулятор құрылғысын келтірді. Кім білсін, жақын болашақта жәндіктер дүниежүзін электр қорегімен қамтамасыз етіп қалар...
Суреттер:popmech.ru