- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Бір күнде смартфоныңызға...
Бір күнде смартфоныңызға неше рет қарайсыз?
Кіріс қоңыраулар мен смс хаттардың келгендігін білу үшін күніне смартфоныңызды неше рет тексеретіндігіңіз жайында ойланып көрдіңіз бе? Арнайы құрылғының көмегімен зерттеушілер адам баласының смартфонына орташа есеппен 110 рет қарайтындығын анықтаған. Бұл шамамен 8-9 минут сайын тексеріп отыру деген сөз.
Зерттеуге «Android» платформасында «Locket» қаптамасы орнатылған смартфоны бар 150 000 қолданушы қатысқан. Осы қолданушылардың 75%-ы кешкі сағат 5 пен 8 арасында телефондарын 6-7 секунд сайын тексерумен болады. Ал 24%-ы сағат 3-тен таңғы 5-ке дейін смартфондарын қолдарынан түсірмей ұстайды. Қалғандары тәулігіне 900 рет экран кілтін ашады.
«Kleiner Perkins Caufield & Byers» компаниясының анықтауынша адамдар орташа есеппен телефонын 150 рет тексереді. Осы жылдың мамыр айында «Internet Trends», «KPCB» компаниялары таңқалдырарлық статистикалық мәліметтер ұсынды. Олардың мәліметінше, орташа есеппен бір адам күніне 23 рет смс хат алып, 22 рет кіріс қоңырауларын қабылдайды, 18 рет экранның кілтін ашып, сағат қарайды екен.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: rumbur.ru
Қ. Бүйенбай