Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Көздің түсін 20 секунд ішінде өзгертетін әдіс

Көздің түсін 20 секунд ішінде өзгертетін әдіс

Көздің түсін 20 секунд ішінде өзгертетін әдіс

ХХІ ғасырда нағыз таңғажайыптарды лазерлік технологиялар жасап жатыр. Бірнеше жыл бұрын ғана лазердің көмегімен түрлі ауруларды емдеуге болады деп әлем жұртшылығы қуанысқан еді. Бірақ бұл әлдеқайда артта қалып қойған жаңалық. Ғылым күн санап дамып, лазердің көмегімен көздің түсін өзгертуге болатындай дәрежеге жетті.

"Stroma medical" компаниясының негізін салған дәрігер Грегг Гомер көз жанарының айқындылығын күшейтіп, түсін өзгертуге мүмкіндік беретін лазерлік технология ойлап тапты. Ол технология "Lumineyes tehnology" деген атау алды. Оның көмегімен қоңыр көзіміздің түсін көк түске өзгертіп, жаңа кейіпке ене аламыз. Бұл құрал терідегі артық дақтарды жояды.

Қоңыр түсті көздерде меланин пигменттері көп. Ал көздері көк адамдарда керісінше аз болады. Көзге қоңыр түс беріп тұратын да меланин. Көк көздердің шатырша қабығында меланин пигменттері аз шоғырланған. Жаңадан жасап шығарылған технология көздің шатырша қабығындағы пигмент түстерін өзгертеді. Көздері қара, қоңыр адамдарға операция жасау барысында ең алдымен көздеріне лазер сәулесін түсіреді. Бұл отаның денсаулыққа ешқандай да әсері жоқ. Бар болғаны 20 секунд ішінде жасалады. Арнайы лазер көздің шатырша қабығындағы қоңыр түсті пигменттерді түссіздендіреді. Мұндай ота көздің беткі терісінде ғана жасалатындықтан, көздің көру қабілетіне ешқандай әсерін тигізбейтіндігін дәрігер Грегг Гомер сенімді түрде айтып отыр. Ота жасалған соң, алғашқы аптаның ішінде көз бұрынғы түсіне оралып, артынша 2-4 аптаның ішінде көк түске боялады. Бұл отадан кейін көздің шатырша қабығы бұзылатындықтан, оның табиғи түсін қайтару мүмкін емес. Сол себепті оны жасатпас бұрын, жақсылап ойланып алған жөн.


Бұл отаның құны шамамен 5000 АҚШ долларына жуықтайды. Бұл тәсіл толық зерттеліп бітпегендіктен, айналымға алдымыздағы 3 жылдың ішінде енуі мүмкін. Осы 3 жылдың ішінде дәрігер Грегг Гомер ресми түрде рұқсат алуы тиіс. Кейбір заңдары қатаң түрде басқарылмайтын елдерде 1,5 жылдың ішінде жасала беруі әбден мүмкін.

Бұл әдісті Грегг Гомер 10 жыл бойы ойластырған. Осы уақытқа дейін өз еркімен келіскен 12 мексикалықтың отасы сәтті өткен. Бұрындары заңгер болып қызмет жасаған ол "Lumineyes" технологиясын офтальмологтармен бірігіп жасаушы ретінде отаның қауіпсіз өтуі үшін барын салуда. Осы құрылғыға байланысты майда жұмыстарды да өзі бақылап отыр. Әзірге оның ешқандай да зияны жоқ, алайда оны айтуға әлі ерте. Мамандар лазердің көзге тигізер зияны болуы мүмкін деп қорқуда.


"Stroma Medical" медицина орталығы бұл отаны АҚШ, Канада, Мексика, Еуропа елдерінде жасап көрмекші. Грегг Гомер жүргізген сауалнама бойынша, медициналық орталықта емделіп жатқан 2000 адамның 17,5%-ы көзінің түсін өзгерткісі келеді екен. Қазірдің өзінде мыңдаған адам хабарласып, қай жерде, қалай жасатуға болатындығын сұрастырып жатқан көрінеді.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: planet.ru

12552 9
Рейтинг: +2

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 21 қазан 2013, 19:17
Пікірлер
+0
21 қазан 2013, 19:59

Тәуекелге бармас ем. Көзінің түсі өзіне ұнамайтын адам өмірде бар дегенге сенгім келмейді. :roll:

+0
21 қазан 2013, 20:15

Жасандылықты жаным сүймейді, мұндай әдісті де қолданбас едім...

+0
21 қазан 2013, 20:23

:oТегiн болсада жасатпаймын

+0
21 қазан 2013, 21:45

Тегн болса жасатар ем қуана.көк ұнайды

+0
22 қазан 2013, 10:09

өзімнің көзім ұнайды

+0
22 қазан 2013, 10:27

Құрысын көзден айрылатын шама жок

+0
22 қазан 2013, 10:39

Не қажеттiлiктен он жылын сарп еттi екен?! Пайдалы болса бiр жөн... Жасатпаймын!

+0
22 қазан 2013, 17:21

менің көзім жасыл қоңыр, қараға ауыстар ма едім? :roll:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев