Ұшақ жайлы 10 аңыз

Ұшақ жайлы 10 аңыз

Ұшақпен ұшу тылсым, жұмбақ әрі бір тәжірибе сияқты әсер қалдырады. Қиын әрі күрделі машинада аспан мұхитында ұшып бара жатырсың... Таңданатыны жоқ, ұшақ төңірегінде көптеген аңыздар дүниеге келген: 

Ұшып бара жатқан ұшақтың есігін ашу қауіпті

airbus-a319-plane-door-1

Шын мәнісінде, олай емес. 

Ұшу барысында ұшақ есігі үлкен қысым астында болады. Бұл дегеніміз, мұндай есікті ашу үшін зор күш иесі керек деген сөз. Бірде-бір адамға, тіпті, кір тасын көтеретін әлем чемпионына да бұл тапсырманы орындауға жол жоқ. 

Сондықтан, ішіп алған біреу-міреу ұшақ есігін ашам деп жатса, алаңдаудың еш қажеті жоқ. Еш мүмкін емес. 

Егер ұшақ қапталында кішігірім саңылау пайда болса, онда барлық жолаушыларды борт ішінен тартып алады 

0_6e9e3_4d5698a3_orig

Жарылыс пен ұшақ басқарылымынан ақау шығып жатқан жағдайда ғана алаңдауға болады. Ал саңылауға келсек - әңгіме бөлек.

Мәселен, 2006 жылы MD-80 ұшағының кабинасында қаптама ашылып кетіп, ұшқыш төтенше отырғызады. Қысым төмендеп, ұшақ үшін жел үрлеп кетсе де, ешбір беймазалық орын алмаған болып отыр. Жолаушылар аман-есен түскен. 

Ұшу барысында әжетхана қалдықтары ауаға жіберіледі 

Аспаннан дәл төбеге келіп түскен заттар туралы оқиға ойдан құралған. Жалған мысал. Ұшқыш ұшу барысында бакты аша алмайды. Егер алда-жалда біреудің басына белгісіз бір зат түсіп жатса, онда бұған жақын маңнан ұшқан құсты кінәлаған жөн. 

Ұшақта бір ауаның қайта-қайта айналымға (циркуляция) түсуі ауру таратады

airplane-germs-masks-swine-flu-testing

Бұл аңыз да өтірікке құрылған. Ауа айналып отырып, борт ішінен төменгі жақтағы бөлікке келіп түседі. Ал қалған жартысы сүзгіш арқылы таза ауаға араласып, сол сәтте жаңа айналым жасайды.

Боингты құрастырушылар осы бір жүйе арқылы және сүзгіштің көмегімен ауадағы бактериялардың 95 пайызы залалсыздандырылатынын айтады. Тазаланып отыру әр үш-төрт минутта орын алады.

Қауіп-қатер шалқаймалы үстелдер арқылы келуі де мүмкін делінеді. Дезинфекцияландырушы бумаларды алып жүрген жөн-ақ. 

Қауіпсіздік белдігі апат сәтінде тірі қалуға кедергі келтіреді 

7021bbf2f1750415f2bf57cee98ebfb3_1000

Ұшақтан шұғыл шығу керек сәтінде қауіпсіздік белдігі тұрып қалып жатса, онда әңгіме бөлек болар еді. Ал басқалай алғандай, қауіпсіздің белдігінен келер көмек көп.

Ауада қалықтап, қалбалақтап жүргенше, ең дұрысы, қауіпсіздік белдігін тағып алу. 

Ұшқыштар ауа ағынын қадағалап отыру арқылы, жолаушыларды ұйқы аралығында ұстайды және жанармайды үнемдеп қалады 

Бұл да барып тұрған ақымақтық. Оттек деңгейі ауа қысымымен анықталып отырады. 

Оттек маскасы – бұл жолаушыларды сабырға шақыруға арналған бір өтірік

390_prod_edit_IMAGE_PRODPAGE_LARGE

Шын мәнісінде, қолайсыздық барысында экипаж бен жолаушылар борт сыртындағы оттегісі мүлдем жеткіліксіз ауамен дем алуға мәжбүр болады. Және ұшақ төмен түспейінше оттек маскаларынсыз еш мүмкін емес. 

Әуе апатында аман қалу мүмкіндігі нөлге тең 

Untitled-1-liner0102030405060708

Сан-Францискодағы Боинг 777 ұшағы апатқа ұшыраған күні 307 жолаушының 304-і тірі қалған. Сонымен қатар, АҚШ-тың транспорт қауіпсіздігі саласындағы Ұлттық кеңесінің мәліметіне көз жүгіртсек, 1983 жылдан 2000 жылдар аралығында аталған рейстің тасымалдаған жолаушыларының 95 пайызы аман қалып отырған. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: crispme.com

Л. Лига