Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Гуглдың дудлдері жайлы аз-кем

Гуглдың дудлдері жайлы аз-кем

Гуглдың дудлдері жайлы аз-кем

1995 жылы Калифорнияда Стэнфорд университетінің екі студенті Ларри Пейдж бен Сергей Брин бір-бірімен кездескен. Бүгінде олар әлемдегі ең танымал іздеуші сервис - Google-дың бәріне танымал негізін салушылары.

Әрбір қолданушыға белгілі іздеуші сервис пайда болмастан бұрын аталған екі азамат BackRub деп аталатын іздеуші сервер жасап шыққан. Бұл іздеушіде іздеудің толықтай дерлік жаңа жүйесі қолданылды – қажетті сөзді немесе сөз тіркесін енгізген кезде, бірінші кезекте интернеттегі басқа ресурстарда ең көп сілтемесі бар сайттар шығып тұрды.

Брин мен Пейдж осы бір инновацияны басқа компанияларға сатпақ болған, бірақ олардың бұл ұмтылысы еш нәтиже бермеген еді. Кейінірек, шамамен 1997 жылы, аталған іздеуші жүйе жаңа атауға ие болды – ол қазіргі Google. Бұл атау, шын мәнісінде «googol» сөзінің қате жазылған нұсқасы («googol»-ді ағылшын тілінен аударғанда бір мен жүздеген нөлден тұратын санды білдіреді).

Көп ұзамай осы бір «ақылды» іздеуші доменді атқа да ие болды - Google.com. Жасап шығушылар мен техникалық қолдауға арналған Googleplex деп аталатын бірінші кеңселер ашылды. Бүгінгі таңда іздеу жүйесі әлі де өсіп, жетілуде. Күн сайын оның негізінде жаңа сервистер мен бағдарламалар пайда болуда: Gmail.com пошта қызметі, Google Maps картасы, Google Docs онлайн құжаты, мәтінді онлайн аударушы және көптеген басқа қызметтер. Қазіргі таңда компанияда жиырма төрт мыңнан аса қызметкер еңбек етуде.

Google өкілдерінің айтуынша, бүгінде олардың ақпарат базасы индесктелген 1,346,966,000 бетке жеткен және әлі де арту үстінде.

Аталған мәліметтер компанияның тарихына, оның бүгінгі таңдағы ахуалына шамалы болса да қызығушылық танынатын адамдардың бәріне белгілі. Бірақ қолданушылардың бәрі дерлік байқайтын нәрсесі – іздеушінің басты бетінде орналасқан компания логотипінің жиі өзгеріп тұруы.

Google логотипі көбіне қарапайым келеді және it-лого тарихында тұңғыш рет дәл осы Google маркетинг заңдарын елеп-ескермей, оны мерекелікке ауыстыруға тәуекелге барған. Ал жарнама ережелеріне сәйкес тұтынушыны бағыттан адастырмас үшін логотип тым жиі өзгермеуі қажет. 

Google-дің мерекелік логотиптері дудл деп аталады.

Дудл деген не? «Doodle» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «шимай жазу» деген мағына береді. Ең бірінші дудл 1998 жылы «Burning man» фестивалінің құрметіне жасалған болатын. Ларри мен Сергей оны егер сервер жұмыс істемей қалып не болмаса телефонға ешкім жауап қатпаған жағдайда олардың жұмыс орнында жоқ екендігінен қолданушыларды хабардар ету үшін жасап шыққан.

Ал бүгінде мұндай логотиптер қолданушыларды мейрам, танымал адамдардың туған күндерінен хабардар етеді. Мәселен, 2000 жылы «Бастилияны алу күнінің құрметіне Google-ге арналған ең үздік логотип» атты байқау жарияланып, оны Стэнфорд университетінің студенті Денис Хванг жеңіп алған болатын. Денис бірден Google қызметкерлері қатарына қосылып, ол жақта әлі күнге дейін еңбек етіп келеді.

Бастилияны алу күніне байланысты гугл-дудл (2007 жыл):

Google дудлдар бірнеше танымал суретші мен ғалымның соның ішінде Энди Уорхолдың туған күні құрметіне жасалды.

Альберт Эйнштейн:

Леонардо да Винчи:

Луи Брайль:

Никола Тесла:

Джон Леннон: 

Майкл Джексон: 

Антонио Вивальди:

Сонымен қатар, Лоуэллдің туған күні құрметіне жасалған логоны көрсету күні Google-дің жаңа өнімі - Google Maps-ты іске асырумен сәйкес келген:

Google дудлдер сонымен бірге Google-дің басты жаңалықтары жайлы хабардар ету үшін қолданылады. Мәселен, мына дудл компанияның 12 жылдығына арналған (2010 жыл):

Тарихи оқиғаларды тойлау Google дудлдерінің кеңінен танылған тақырыптарының бірі болып келеді. Соның ішінде Лего блоктарын құрастыруының 50 жылдығын мерекелеу құрметіне Lego ойыншықтарының дизайны бар.

Сонымен қатар, 2006 жылы Google компаниясы «Менің Британиям» атты тақырыпқа тұңғыш халықаралық «Doodle 4 Google» өткізді. Нәтижесінде 13 жастағы Катриин Чиснел жеңімпаз атанған болатын. Оның дудлі британ ұлттық Google сайтына жарияланды. Жеңімпаз қыз Гуглплекс кеңсесіне Денис Хвангпен бірге жұмыс істеуге Калифорнияға жолдама алды:

Енді мұндай байқаулар жыл сайын ұйымдастырылып тұрады.

2007 жылы 14 ақпанда, Әулие Валентин күніне орай:

Ал 2011 жылы Жер күнінде дудл мынадай болған: 

Ардагерлер күні секілді американдық патриоттық мейрамдарда Google логотиптерінің нұсқаларын жарияламағандары үшін 2007 жылы Google қатты сыналды. Және бірден осыдан соң Гугл дизайнерлері осы мейрамға байланысты арнайы логотип жасап шығарыпты.

Ардагерлер күні:

2009 жылы Google жүйелі түрде түрлі-түрлі дудлдер жасап шығара бастады. Соның ішінде 2009 жылдың 2 қазанында Овед Дев ойлап тапқан Махатма Гандидің бейнесі де бар:

2010 жылы 21 мамыр күні Google «Pac-Man»-нің 30 жылдығын атап өту үшін арнайы дудл жасап шығарды.

2011 жылы 8 ақпан күні жазушы Жюль Верннің 183 жылдық мерейтойына байланысты ең интерактивті дудлін жасап шығарған болатын. Тетіктегі тартқыш көрермендерге су асты Наутилу кемесін көруге мүмкіндік берді.

2011 жылы 15 сәуір күні Google Чарли Чаплиннің 122 жылдық мерейтойына арналған бірінші видео-дудл жасады.

Уақыт өткен сайын Google басты бетке негізгі дәстүрлерді мойындайтынын білдірмек мақсатта түссіз логотиптер жариялайды. Мұндай дизайн алғашқы рет 2010 жылдың сәуір айында Польшадағы әуе апатынан қаза тапқандарға құрмет көрсету үшін қолданылған еді. Айта кетсек, аталған апатта Польша президенті Леха Качиньский де көз жұмған болатын. Бірнеше күннен соң логотип Цинхай провинциясындағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің құрметіне Қытай мен Гонконгта қолданылды.

Сонымен қатар, 2010 жылы интерактивті логотиптер пайда болды. Сол жылдың 24 желтоқсанында Google Рождествоға орай мерекелік логотип жариялады. Логотип асханаға, құрал-сайманға немесе басқа жерге, мәселен Непалға сілтеме беретін 17 суреттен құралған. Және қолданушы оған курсорды жақындатқанда сурет үлкейе түскен:

2011 жылы атақты музыкант және электрлі гитараны жасап шығушылардың бірі Лес Полдың 96 жылдық мерейтойы құрметіне Google қызметкерлері басты бетке интерактивті логотип жариялады. Интерактивті лого виртуалды электрлі гитара болған. Кез келген қолданушы аталған аспапта тышқанның, не болмаса пернетақта көмегімен ойнай алды. Іздеу жүйесінің қолданушылары аталған дудлде ойнауға 10 миллион сағаттан артық уақыт жұмсапты. Уoutube.com-нан сіз адамдардың осы гитарада қандай әуендер ойлап тапқанын тыңдай аласыздар:

2011 жылы 15 шілде күні Google-дің мерекелік логотипі сол уақытта айдың тұтылып жатқанының түсірілімі болды. Айналдыру сызықтары қолданушыларға видеоны толықтай көріп шығуға мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда АҚШ-та 300-ге жуық, ал халықаралық деңгейде 700-ден астам дудл жасалған.

Қазақстанның тәуелсіздік күні (2011 жыл, желтоқсан):

Жаңа жыл (2013 жыл, қаңтар):

Олимпиада ойындары (2002 жыл, ақпан):

АҚШ-тың тәуелсіздік күні (2002 жыл):

Микеланджелоның туған күні (2003 жыл, наурыз):

Мартин Лютер Кингтің туған күні (2003 жыл, қаңтар):

Gaston Maurice Julia-ның туған күні (2004 жыл, ақпан):

Марсқа сапар (2004 жыл, қаңтар):

Ray Charles-тің туған күні (2004 жыл, қыркүйек):

Ван Гогтың туған күні (2005 жыл, наурыз):

Оқытушы күні (2005 жыл, мамыр):

Бала күні. Жасап шыққан Ұлыбританиялық Lisa Wainaina (2005 жыл, қараша):

Моцарттың туған күні (2006 жыл, қаңтар):

Әке күні (2006 жыл, шілде):

Артур Конан Дойлдың туған күні (2006 жыл, мамыр):

Хэллоуин (2007 жыл, қараша):

Әулие Валентин күні (2008 жыл, ақпан):

Олимпиада ойындарының жабылуы (2010 жыл, ақпан):

Түркия – мәдениет астанасы (2010 жыл, қаңтар):

ANZAC Day – Жаңа Зеландия (2010 жыл, сәуір):

Ганс Кристиан Андерсонның 205 жылдық мерейтойы (2010 жыл, сәуір):

Агата Кристидің 120 жылдық мерейтойы (2010 жыл, қыркүйек):

Белка мен Стрелканың ғарышқа ұшқан жылы (2010, тамыз):

Google-дың 13 жылдық мерейтойы (2011 жыл, қыркүйек):

Фредди Меркуридің 65 жылдық мерейтойы (2011 жыл, қыркүйек):

Ханзада Уильямның үйлену тойы (2011 жыл, сәуір):

Люси Боллдың 100 жылдық мерейтойы (2011 жыл, тамыз):

Бүгінде мерекелік логотиптер Google компаниясының өзіндік бір ерекшелігіне айналған. Бұл іздеушіден тағы да көптеген қызықты да таң қалдырарлық дудлдерді көре аламыз деген сөз. 

Google-дің басқа да дудлдерін мұнда көре аласыздар. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: google.com, vpautine.com

3236 6
Рейтинг: +3

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 27 қыркүйек 2013, 11:27
Пікірлер
+0
27 қыркүйек 2013, 11:27

Тамаша! ;)

+0
27 қыркүйек 2013, 11:36

О! Әдемі! Маған Google ұнайды! :)

+0
27 қыркүйек 2013, 11:42

Керемет! Оқып жатқанымда суреттерден басым айналып кетті ғой!

+0
27 қыркүйек 2013, 12:06

Тема!

+0
27 қыркүйек 2013, 13:02

Не деген елгезек?! Бәрiн қамтып...

+0
30 қыркүйек 2013, 13:56

Наурыз күніне орай және Қазақстанның тәуелсіздігіне орай да ерекше дудл болған еді :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев