Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Бір жастағы бала географияны жатқа біледі

Бір жастағы бала географияны жатқа біледі

Бір жастағы бала географияны жатқа біледі

АҚШ-тың Кливенд қаласында әлемнің кез келген елін географиялық картадан қатесіз тауып бере алатын өте ақылды бала өмір сүреді.

Огайо штатының тұрғыны 1,5 жаста. Оның есімі – Аанав Джейкар. Оның географиялық білімі мен есте сақтау қабілеті қызығушылық пен қызғанушылық сезімдерін оятып, құрметтемеске қоймайды. Шынашақтай бала әлем картасындағы кез келген елді ешбір қиындықсыз көрсетіп береді.

Салыстыру үшін айта кетейік: дәл осы жастағы балалар қарапайым сөздердің өзін енді ғана тани бастайды. Бұл ғылымда дәлелденген.

Зерек баланың анасы фантастикалық қабілеттердің бірнеше ай бұрын пайда болғандығын айтады. Ол кезде отбасы мүшелері Делиден Америка Құрама Штаттарына қоныс аударуға дайындалған. Отбасы мүшелері еуропалық астаналарды жаттап, жаттығып жүргенде, сәби барлық ақпараттарды "жұтып" алған.

Жақын арада дарынды сәбидің ата-анасы үйде оқыту үшін арнайы мұғалім тағайындамақ. Олар Аанавтың мектепке өз қатарластарынан бұрын баратындығына және оның болашағының жарқын болып, ғылымға үлкен үлес қосатындығына сенімді.

Дарынды баланың картамен қалай жұмыс жасайтындығын көре аласыздар:

 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Суреттер: mail.ru 

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 11 қыркүйек 2013, 11:03

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.