Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Әлемдегі алғашқы ұялы телефон - Motorola DynaTAC 8000X

Әлемдегі алғашқы ұялы телефон - Motorola DynaTAC 8000X

Әлемдегі алғашқы ұялы телефон - Motorola DynaTAC 8000X

Ұялы телефонның арқасында: "Алло, сәлем, қалың қалай?" - деген сөздерді күнделікті пайдаланатын болдық. Баршамыздың өмірімізді жеңілдеткен ұялы телефондардың тарихын көбіміз біле бермейміз. Сонымен, алғашқы ұялы телефонның пайда болу тарихымен таныс болыңыздар.

Ұялы байланыс құралының көмегімен жүзеге асқан алғашқы телефондық сөйлесу 1973 жылы 3 сәуір күні Motorola компаниясының қызметкері, құрылғыны ойлап тапқан Мартин Купер мен BeLL Laboratories компаниясының зерттеу бөлім бастығы Джоэл Энгел арасында болды.

Қазіргі заманауи ұялы телефондардың пайда болуына автокөліктің ішіне орнатылған радиотелефон түрткі болды. Құрылғылардың өлшемі мен салмағы тым үлкен болған. Осындай бір байланыс құралының салмағы шамамен 15 келі еді. Құрылғының ауырлығына қарамастан, оларға деген сұраныс күннен-күнге өсіп отырған. Motorola компаниясының инженері әрі өнертапқышы Мартин Купер бұл құрылғының салмағы мен өлшемін төмендету идеясын алға тартып, адам баласының телефонды өзімен бірге алып жүру идеясын жүзеге асыра бастады. Қазіргі заманауи телефон прототипінің пайда болуы тек Купердің қажырлы еңбегінің арқасы емес. Motorola компаниясының басқа да инженерлері құрылғыны жетілдірумен айналысып, біраз тер төккен. Компанияның ұстанған бағыты мен өндірістің дұрыс жоспарлануы Motorola компаниясының бәсекелестерінен озып шығуына мүмкіндік берді. Купердің идеясын жүзеге асыру үшін 15 жыл мен 90 миллион доллар қаражат кетті.

Сол күн тарихта қалары анық. 1973 жылдың 3 сәуірінде BeLL Laboratories компаниясы зерттеу бөлімінің бастығы Джоэл Энгелдың жұмыс кабинетіне біреу қоңырау шалды. Телефон тұтқасын көтерген Джоэл бәсекелесі Мартиннің дауысын естіді. Мартин Джоэлге былай деген екен:"Қайдан қоңырау шалып тұрғанымды білесің бе? Мен ұялы телефоннан хабарласып тұрмын". Кейін Купер бұл оқиға туралы былай депті: "Оның не деп жауап бергені есімде жоқ, бірақ тістерінің сықырлағанын естігендей болдым". Кейін Энгел мен BeLL Laboratories компаниясы да байланыс саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

Әлемдегі алғашқы ұялы телефонның салмағы 1,15 келі болса, өлшемдері  22,5х12,5х3,75 см-ге тең еді. Жарықдиодты дисплей теріп жатқан телефон нөмірін көрсету функциясын атқарды. Аккумулятордың сыйымдылығы жарты сағат сөйлесуге жетсе, зарядтау процесі 10 сағатты талап ететін. 1983 жылға дейін осындай байланыс құралының 5 данасы шығарылса, кейін осы үлгінің жетілдірілген нұсқасы шықты. Жаңа салмағы 850 грамм болған телефон 3995 долларға бағаланған еді.  Бір жылдың ішінде осындай құралдардың 12 мың данасы сатылған.

Motorola DynaTAC 8000X - первый мобильный телефон

Motorola DynaTAC 8000X - алғашқы ұялы телефон

Сурет: terra-z.ru
24711 13
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 04 сәуір 2012, 10:50
Пікірлер
+0
04 сәуір 2012, 11:11

нағыз "кірпіш" қо қолындағысы-шлакоблок :D :D :D :D :D

+0
04 сәуір 2012, 11:14

өзімнің бірінші ұялы телім есіме түсіп кетті ғой, енді мынада кішірек, дегенмен үп-үлкен қылып мойынға асып алушы едім :lol:

+0
04 сәуір 2012, 11:27

Бұрын мода еді телепонды мойынға асып ап жүру, Ұрылардың көздері оттай жанып, қолдары қышитын мойынға телепон асып алған кісіні көргенде

+0
04 сәуір 2012, 11:38

сойтіп каншама тілипон арзан понттың құрбаны болды десенш :lol:

+0
04 сәуір 2012, 11:27

мынау "Криминальное чтиводағы" телефонғо :D

+0
04 сәуір 2012, 18:06

Фотик жоқ ау дим ішінде

+0
04 сәуір 2012, 21:49

мпз да жоқ, блютуздың қалай қосылатыны да қолданушы нұсқауында жазылмаған

+0
05 сәуір 2012, 00:06

мынаумен ұрып қалса таласың ғой :D

+0
02 наурыз 2013, 23:50

:lol:

+0
05 сәуір 2012, 17:31

Рацияға ұқсайды екен)

+0
05 сәуір 2012, 17:33

Қазіргі рациялар одан да кішкентай ғо

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...