Ұлылардың өзгелерден айырмашылығы

Ұлылардың өзгелерден айырмашылығы

Ұлы адамдардың ерекше қылықтары бар. Оларды өз бойымыздан да кездестіруімізге болады. Ал ұлылардың ерекше қылықтары танымалдылықтарына әсер етіп жатса, енді бірде қалжыңның қаймағына айналуда.

«Керемет Дали» сырт бейнесімен көзге түскен: ұзын да таралған қалың шаш, шетке қайырылған мұрт, ұзын шапан, жіңішке күмістен жасалған қамыс таяқ. Ол таңертең ұйқыдан оянған кезде «бүгін қандай таңғажайып жасасам екен?» деп оянады екен. Және сол таңғажайыпты жасайды.

Бірде Нью-Йорк қаласында дәріс жүргізуге теңіз түстес костюм мен басына суға түскенде киетін бас киім киіп келіпті. Студенттері таңырқап, «мұныңыз қалай?» десе, ұялмастан «сіздердің ойларыңызға терең сүңгіп бойлағым келген еді» деп жауап беріпті. Оның іс-әрекеттеріне қарап барлығын ақылмен жасайды деп айту қиын, психологтардың айтуынша мұндай қылықтарды көпшілікті өзіне қарату үшін жасайды. Бірде «Анашымның суретіне қарап түкіріп қоямын, бұл маған рахат сыйлайды» деген сөзі осыған дәлел.

Кезекті қатал адамдарға берейік. Атақты полк басшысы Александр Суворов кешкі сағат алтыда ұйқыға жатып, түңгі сағат екіде тұратын болған. Тұра салысымен үстіне суық су құйып, «ку-ка-ре-ку» деп айқайлайды екен. Мұнымен қатар шөмеленің үстіне шығып алып ұйықтайтын. Бір етігін қысы-жазы киіп, жатарда киетін киімімен шенді адамдарды қарсы алған. Шабуылға шығар кезде аттанды «ку-ка-ре-ку» деп салатын. Ал фельдмаршал дәрежесін алған кезде орындықтардың үстінен секіріп, «мынаны да басып өттім, ананы да басып өттім» деп ерекше қуанған екен. Мұнымен қатар өзінің сарбаздарын үйлендіргенді жақсы көрген. Бір уақытта 20 сарбазын қатар үйлендірген.  

Патша Нерон қауызда балықтармен бірге жүзген. Онда жүзген балықтар электр разрядтарын шығаратын болған. Сол арқылы патша «құздама» ауруынан емделген.

Уинстон Черчилль жамылатын көрпесін күнде ауыстырып отырған. Және ол тоқтаған қонақүйдің бөлмесінде екі төсекті біріктіріп қоятын болған. Түнде оянып, бір төсектен екінші төсекке ауысып ұйықтайтын. Мұны биографтар тершеңдікпен түсіндіреді. Айтпақшы, Черчилль сарбаздар топтамасын жинаған.

XX ғасырдың данышпаны Альберт Эйнштейн шұлық кимеген. 2006 жылдың шілде айында әйеліне жазған хаттары табылып, сол хаттарының бірінде «Ең маңызды деген кездесулерде де шұлық киген емеспін» деп мойындайды. Бұдан өзге Эйнштейн скрипкада ойнап, велосипед айдаған.  

Атақты Иван қолбасшы таңертең мен кешке Александровск шіркеуіндегі қоңырауды соғатын әдеті бар екен. Мамандар жан азабынан арылу үшін жасаған деп түсіндіреді.

Чарльз Диккенс әр жазған 50 жолдан соң бір тостаған ыстық су ішіп отырған.

Иоганнес Брамс шабыттану үшін қайта-қайта аяқ киімін тазалай беретін болған.  

Исаак Ньютон қол сағатын суға пісіріп, осы уақытта қолындағы жұмыртқаға қарап тұрып қызық бақылау жүргізген.

Людвиг Ван Бетховен қырыну шабыттануға кері әсерін тигізеді деп қырынбайтын болған. Ал тәтті әуенді жазбас бұрын басына бір шелек суық суды құйып, сергіп алатын. Оның айтуынша, бұл мидың жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі.

Бенджамин Франклин жұмыс бастамас бұрын, өзіне көп ірімшік алдыратын болған.

Иоганн Гете ешбір ауа кірмейтін герметикалық жабық ғимаратта жұмыс жасайтын.

Николай Гоголь кеспені керемет дайындаған. Гоголь Римде тұрған кезінде кеспе дайындауды арнайы мейрамханаларға барып үйреніп, артынан достарына дайындап беретін.

Оноре де Бальзак 5-7 шыны-аяқ көфе ішпейінше жұмысты бастамайтын болған. Есептеуімізше, Бальзак өмірінде 50 000 шыны-аяқ кофе ішкен. Дарынды адамдарға деген құрметін бас киімін шешу арқылы көрсеткен. Мұның ерекшелігі ол құрметінің тек өзіне бағытталуында.

Термодинамиканың үшінші бастамасының авторы, физик Вальтер Нернст үйінде тұщы суда болатын бүргелерді өсірген. «Неге бұлай?» деп сұраушыларға «жер әлемдігі ыстық қанды жануарларды ақшаның көмегімен жылытқым келмейді» деп жауап беріпті.

ХІХ ғасырда аты шыққан қылмыскер Джек адамдарды тек демалыс күндері өлтіретін болған.

Пушкин Александр Сергейұлы моншада атысқанды жақсы көрген. Михайловск ауылында Пушкиннің заманынан ол атқанды жақсы көретін керегеден басқа ешнәрсе қалмаған.

 Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: yahoou.ru

Қ. Бүйенбай