Ұшақтан жылдам пойыз

Ұшақтан жылдам пойыз

Ең жылдам пойызды жасау жобасын іске асыру мақсатымен құрастырушы 60 елге өз лицензиясын сатқан. Осы лицензия арқылы елдер жобаға тікелей ат салыса алады. Жүз жыл қатарымен ойда жүрген жобаға қызығушылық ең алдымен аспан асты елінде туды.

Қиялын іске асыруды флоридалық Дэрил Остер дұрыс деп тапты. Остер – Теңіз және авиациялық жүйелерді сертификаттау мен құрылымын ойлап табумен айналысатын машина жасау саласының маманы. Оның ЕТ3.com компаниясы ұшақтарды басып озатындай жобалар дайындауда, алайда кез келген лицензияны сатып алған ел өзінің интеллектуалдық үлесін қосуына болады деген ұсыныс айтты. ЕТ3 Evacuated Tube Transport Technologies (вакуумдық құбыр технологияларын тасымалдау) деген мағынаны білдіреді. Және осыған сәйкес Дэрил транспортты ЕТТ деп атамақшы. Оның жалпы құрылымы қарапайым ғана. Магниттік ілмекте орналасқан герметикалық капсулалар ауасыз құбырдың ішінде ұшып жүреді.

Evacuated Tube Transport – құбыр мен жүріс басталатын стансасы

Вагондар қабырғаға еш тимейтіндіктен, ал аэродинамикалық қарама-қарсылық нөлге тең болғандықтан мұндай құрылғыны кеңістікке орналастыру әдеттегі пойыздан 10 есеге жеңіл болады. Капсулаларды оталдыруға кететін энергия пойыз тоқтаған жағдайда қайтадан бастапқы орнына келуі әбден мүмкін.

ЕТТ-ға арналған қарапайым жол қарама-қарсы бағытта құрастырылуы керек. Құбырлар орналасқан аймағына байланысты жер асты және жер үстінде болады.

Остер жобасы туралы толығырақ төменде айтатын боламыз. Ал қазір алдымызда басқа емес, вакуумдық пойыз екенін еске алайық. Ол 1914 жылы физик Борис Вейнбергтің бастамасымен көтерілген жоба болатын. Дэрил Остер вакуумдық пойыз идеясын 1980 жылы қолға алды. Атақты ресейлік профессор Вейнбергтің осы туралы «Қызықты физика, 2-бөлім» кітабында жазып кеткендігі туралы білді ме, жоқ па белгісіз. Алдымыздағы сурет 1914 жылы шығып, бірнеше басылымдарда жарық көрген.

Теория бойынша, вакуумның ішінде ұшып жүрген вагондар ғарыштық құрылғылармен пара-пар (8 шақырым/сағ.) жылдамдыққа ие болып, әп сәтте ұшақ секілді бір құрлық пен екінші құрлықтың арасын жалғастырып өтеді.

ХХ ғасырда инженерлер осы ұсынысты бірнеше рет ортаға салса да, осы күнге дейін ертегі болып келеді. Оны салу үшін көптеген қиындықтардың туындайтыны анық. Ертегінің шындыққа айналуы 1999 жылы ЕТТ-ге иеқұжат алған Остэрді еш қорқытпайды. Құжатта жол жұмыстары мен құрылғының майда бөліктері барынша толық сипатталған: капсулалар және олардың ілмек жүйесі, капсулалардың жылдамдығының артуы, регенеративтік тежеу, толқындарды бақылау, осындай құбырларда автоматты басқару, қауіпсіздік шаралары.

Капсулалардың енгізілуі мен шығарылуы сапалы деңгейде дайындалуы қажет. Жолаушылар компьютер терминал арқылы станцияның атын таңдап, орындарына отырса болғаны.

ЕТТ авторының баяндауынша, вакуумдық жол құбыр енінің ерекшелігі мен капсула көлеміне сәйкес бірнеше модификация түрінде жасалуы мүмкін. 1,5 метрлік құбыр мен капсула алты адамға немесе 370 келіге есептеледі. Нақтырақ айтқанда диаметрі 1,3 метр, ұзындығы 4,9 метр. Салмағы жеңіл көлік секілді болса да, 180-190 келіден аспауы керек. Капсулада магниттер мен сыртқа дауыс шығару жабдықтары ғана орнатылады. Gizmag-тың хабарлауынша, онда өткізгіштер де орналасатын болады.

ЕТТ пойыздар мен ұшақтардағы қолайлылықты уақытқа алмастыруға ұсынады. Бірақ, клаустрофобиямен ауыратын адамдар вакуумдық пойыздың жоғарғы жылдамдығына шыдай алмайды. Жүріс аяқталғанша мұнда тұрып, дәретханаға барып, қол-аяқтарын созу секілді қимылдарды жасай алмайды. Ал қаражат жетпей жатса, құбырды кішкене капсуламен бір адам ғана отыратындай етіп жасауды ұсынады.  

Стансыларда капсулаларды құбырдың ішіне орналастырып, межеленген жерге жеткен соң қайта алып шығаратын шлюздер болуы керек. Осы үлгідегі қала аралық поездардың жылдамдығы 600 шақырым/сағ., ал алыс ара-қашықтықта 6500 шақырым/сағ. дейін барады. Пойыздағы ауаны қалпына келтіру жүйесі жер асты кемелері мен космостық кемелердегідей болады. Адамдарды қажетті оттекпен қамтамасыз етеді. Ал континент аралық сапарларда видео фильмдер мен видео ойындар жалығуға мүмкіндік бермейді. Мұнымен қатар пойыздың «жасанды терезелеріне» табиғат суреттерін іліп қоюға болады дейді автор.

Капсулалар жоспардан тыс тоқтап қалған жағдайда оқыс оқиғаны алдын алу үшін әр 1,5 метр сайын құбыр қабырғаларына төтенше жағдайда сыртқа шығатын есіктерді орнатуды ұсынады. Жалпы алғанда көп жағдайлар қарастырылған. Тек мұны жүзеге асыру әзірге арман болып тұр.

Остер 100 АҚШ долларына ЕТТ лицензиясы мен болашақ табыстың 6 пайызын сатып жүр. Инженер қиялын лицензияны сатып алушылар жүзеге асыруға көмектеседі деген үмітте. Қызығушылардың қатарында электромагнит жүйесі мен вакуумдық орнату саласының мамандары, материал кедергілерінің білгіштері, автоматты жүйелерді басқарудың шеберлері болуы мүмкін. Дэрил өзінің компаниясын - қоғамдық бірлестік, ал лицензияны сатып алушыларды - оның басқарушыларының бірі дейді.

Американдық инженер өзінің бұл жобасын ашық ПО өңдеуімен теңестіреді. Жобада ғылыми тәжірибелері, қаржы-қаражаты, материалы, белгілі мөлшерде қатысуға мүмкіндігі бар лицензияны сатып алушылардың саны 1000-ға жеткен кезде бұл іс алға қадам басады деп сендіреді. Әзірге олардың саны 60-қа жетіп тұр.

Остердің болжауынша, ЕТТ алыс ара қашықтықпен қоса адам баласы тұрмайтын жерлерді тез өтуге мүмкіндік береді. Вакумдық пойыздарды аса қажет ететін жерлер ретінде американдық инженер Қытай мен Үндістанды атады. Мүмкін, осындай жол алдымен Қытайда салынады. 2001 жылдың өзінде оңтүстік-батыс Цзятуна университетінің докторы Чжан Яопин қызығушылық танытып американдыққа хат жолдаған болатын. 2002 жылы Дэрил Қытайға арнайы барып Яопинмен танысып, ЕТТ жобасы туралы мәліметтерді басқаларға да таратуға көмектеседі. Нәтижесінде басқа университеттер мен институттардың ғалымдарының қызығушылықтарын оятып, Жапония мамандарын да іске қосады. Дэрилдің қатарына магнит левитациясының маман физиктері қосылғаны үлкен көмек болды.  

Дэрилдің жоспарындағы ЕТТ поездының халықаралық жолының сызбасы

2010 жылы Қытайда ЕТТ жұмысы қарқынды жүре бастады деген ақпарат таралды. Чжан мен пікірлестері 2 прототип құрастырамыз деп шешті. 2013 жылы 600-1000 шақырым/сағ. жүріп өтетін пойыздың үлгісін, ал одан арғы жылдары күрделі құрылымды 500-600 шақырым/сағ. жүретін үлгісін  жасап шығармақшы.

Бұл пойыз жер астымен жүріп өтуі тиіс. Дэрилдің құбыр ішінде вакуум орнату жоспарын қытайлықтар ауа қысымын төмендетумен алмастырамыз деп шешті. Бұл энергияны үнемдеуге септігін тигізеді әрі құрылысты жеңілдетеді. Оның бағасын екі адамдық темір жолмен жүретін транспорттан әлдеқайда төмен шақырымына 3 млн АҚШ доллары кетеді деп анықтап отыр.

Су астында да осындай трансатлантикалық (Transatlantic tunnel) вакуумдық құбырларды салу - футуристикалық ұтымды жоба.  Ең алғаш Лондон мен Нью-Йорктың арасына магниттік левитация вагондары мен ауасыз тесіктауларды салу бастамасы 1960 жылы бірнеше рет көтерілген еді. Салынуы қиынға соғатын әрі триллиондарды шығындайтын жоба деп ғана бағаланды. Әрине, ЕТТ-ны салу үшін жол жер сілкінісі апаттарынан қалай қорғалады, төтенше жағдайда тежегішті басқан кезде қалай тоқтайды, шақырымдарға созылған құбырлар энергияны қаншалықты үнемдейді секілді көп нәрсені анық-қанығына дейін ойластыру қажет. Бұл сұрақтардың біраз бөлігіне 2011 жылы жауап алынды: Остер мен оның пікірлестері Қытай мен Жапонияда 2 жұмысты ұсынды. Онда қаражат, ауаны жылдам тасымалдау, өмір сапасын қамтамасыз ету секілді мәселелер қарастырылған. Бір қызығы осындай вакуумдық жолды 2002 жылы британдықтар ұсынған. Онда Fast Tube кішкене капсулалары темір жол бойымен дөңгелек арқылы қозғалатын болған.

ЕТТ-ның үлкейтілген үлгісін 2020 жылдан ары қарай көретін боламыз. Және бірінші болып қытай мен жапония бұл идеяны жүзеге асыратын болады. Инженер өз жобасын кейде Space Travel on Earth, яғни жер бетінде космостық саяхат деп атайды.  

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: ЕТ3.com

Қ. Бүйенбай