Күн жүйесінде қанша планета бар?

Күн жүйесінде қанша планета бар?

Аздаған уақыт бұрын ғана, кез келген білімді адам күн жүйесінде қанша планета бар деген сұраққа ойланбастан 9 деп жауап берер еді. Және оныкі дұрыс деп қабылданатын. Бүгінде сіз астрономия саласындағы жаңалықтардан қалып қойсаңыз немесе жай ғана Discovery Channel каналының тұрғылықты көрермені болмасаңыз, сіз дәл сол сұраққа қайтадан 9 деп жауап беретініңіз анық. Алайда бұл жолы қателескен боласыз.

Мәселе мынада... 2006 жылы, дәлірек айтсақ, 26 тамыз күні, Халықаралық астрономия одағы конгрессінің 2,5 мың қатысушысы таң қаларлық шешім қабылдап, Плутонды күн жүйесіне кіретін планеталар тізімінен алып тастады. Бұған себеп, ғалымдардың әрбір планетаға қойылатын талаптарына ашылғанына 76 жыл болған Плутонның сәйкес келмеуінде.

Сонымен, планета дегеніміз не және күн жүйесінде қанша планета бар?

 Бұрын планета деп жұлдызды айналатын, жұлдыздан шағылысқан жарықпен жарқырайтын және көлемі жағынан астероидтардан үлкен келетін кез келген денені айтатын. 

Тіпті ежелгі Грекияда жылжымайтын жұлдыздар фонында аспанмен қозғалатын 7 жарқырайтын дене туралы айтып кеткен. Олар: Күн, Меркурий, Венера, Ай, Марс, Юпитер және Сатурн. Жер бұл тізімге қосылмады, себебі ежелгі гректер Жерді тіршіліктің ортасы деп есептеген. Алайда XVI ғасырда Николай Коперник Жер емес, керісінше Күн планеталар жүйесінің орталығы болуы керек деген шешімге келді. Сондықтан тізімнен Күн мен Айды алып тастап, орнына Жерді қосты. Кейінірек 1781 және 1846 жылдардан соң, бұл тізімге Уран мен Нептун қосылды. 1930 жылдан осы күнге дейін Күн жүйесінде соңғы ашылған планета ретінде Плутон болып есептелінеді.

 Енді, міне, 400 жыл өткеннен кейін, Галилео Галилейдің алғашқы телескопты ойлап тапқан сәтінен кейін, астроном-ғалымдар планетаның сипаттамасы жайлы мынадай тұжырымға тоқтады.

Планета – мынадай 4 талапқа сәйкес келуі керек аспан денесі:

1. дене жұлдызды айналуы қажет (мысалы Күнді);

2. дене жеткілікті гравитацияға ие болуы қажет және оның формасы сфералық немесе соған жақын бір формада болуы керек;

3. дененің өз орбитасы маңында өзге көлемді дененің болмауы қажет;

4. дене жұлдыз болмауы қажет.

 Күн жүйесі – ол орталық жұлдыз – Күннен тұратын және космостық денелердің оны айналуынан тұратын планеталық жүйе.

Сонымен қазіргі таңда Күн жүйесі 8 планетадан тұрады: жер тобы планеталары деп аталатын 4 ішкі және газды алыптар деп аталатын 4 сыртқы планетадан құралған.

Жер тобына Жер, Меркурий, Венера және Марс кіреді. Олардың барлығы сайып келгенде силикаттар мен металдардан тұрады.

Күн жүйесіндегі планеталар көлемі жағынан жеке топ ішінде де, өзара топтар ішінде өзгешеленеді. Мысалы газды алыптар жер тобына қарағанда едәуір үлкен де, көлемді келеді.

Күнге ең жақын планета Меркурий болса, ары қарай планеталардың қашықтауына байланысты Венера, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун болып орналасқан.

Өкінішке орай, Плутон біздің Күн жүйесі тізіміне іліне алмады. Бірақ бұл мәселе бойынша уайымдаудың еш қажеті жоқ. Себебі барлық планеталар ғылыми көзқарастар мен концепциялардың өзгеруіне қарамастан, өз орнында қалған.

Сурет: 900igr.net, ru.wikipedia.org 

Ж. FM