- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Қазақстанда телефон арқылы...
Қазақстанда телефон арқылы төлем жасау жүйесі пайда болады
Қазақстанда ағымдағы жылдың соңына дейін ұялы телефондар арқылы төлем жасау мүмкіндігі пайда болады, деп хабарлайды bnews.kz
Төлем жасауға болатын технология NFC (Near Field Communication) деп аталады. Бұл телефонға кіріктірілген жүйе және ол заманауи смартфондардың көбісінде бар. Оны клиенттің банк мәліметтері бойынша іске қосуға болады. Төлем жасау мүмкіндігіне ие болу үшін телефонды арнайы қатынассыз төлем жасау терминалына жақындату қажет. Бүгінде NFC жүйесі бар телефондар да және оған қажетті жүздеген терминал да Қазақстанда бар, алайда олар әлі іске қосылмаған.
Аталған жүйе техникалық жағынан іске қосуды талап етеді. Төлем картасының пластикте емес, телефонда пайда болуы үшін банктер осы бір жүктеу сервисіне ауа арқылы қосылуы тиіс. Бұл – Visa-ның желі сервисі. Сервиске банктер мен ұялы телефон операторлары қосылады, соның арқасында телефонда төлем жасау қосымшаларының жүктелуі болады.
Айта кетсек, алдағы екі-үш жылда ұялы телефондардың көмегімен төлем жасау барлық жерде қолданылмақ.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: today.mts.com.ua
Ж. FM