Microsoft Excel-мен салынған сурет

Microsoft Excel-мен салынған сурет

Бүгінде компьютер бағдарламаларының көмегімен салынған суреттермен көпшілікті таң қалдыру оңай іс емес. 73 жастағы жапондық суретші Tatsuo Horiuchi-дің еңбегі Adobe Photoshop немесе Corel Painter секілді графикалық редакторлардың көмегімен емес, қарапайым Microsoft Excel-мен салынған.


Сакураның нәзік гүлдерін не болмаса дәстүрлі жапондық тау пейзажын көрген кезде, мұндай сұлулық бар болғаны Excel-дің математикалық дәлдігінің арқасында жасалғаны таң қалдырады. Автордың мұндай бірегей әдісті таңдағаны – қарабайырлық: аталған бағдарлама суретші компьютеріне орнатулы болған, ал Adobe Photoshop-ты сатып алуды қалтасы көтермеген.

Басында Tatsuo Horiuchi Excel бағдарламасын қолдануды білмеген. Бірақ, ол бір-екі рет әріптестерінің сол бағдарламаны график құруға қолданғандарын көріпті. Зейнетке шыққан соң, тапқыр жапон жеке компьютер сатып алып, санды көркем суретті меңгеруге бел буыпты. Алғашында ол Microsoft Word-пен эксперимент жасап көрген екен, бірақ салынған суреттерді басып шығару қиындық тудырғандықтан, Excel-ге ауысқан. Айта кетсек, Excel-де суретті A4 форматындағы қағазға басып шығару үшін қағаз көлемін автоматты түрде кішірейтуге болады.

Әрине, электронды кесте арқылы сурет салу басында қиынға соққаны сөзсіз, бірақ Tatsuo Horiuchi уақыт өткен сайын бұған барынша жаттығып алған екен. Енді міне, 10 жыл бойы жапондық азамат тамаша суреттер салып, өзін бірегей суретші ретінде көрсетіп келеді.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: kulturologia.ru

Ж. FM