iPhone қуатын тиімді пайдалануға кеңестер

iPhone қуатын тиімді пайдалануға кеңестер

Жаңа iPhone сатып алдыңыз. Оның бар қызығын көріп қалу, тезірек барлық бағдарламасын орнату, жаңарту сияқты істер әрмен қарай жалғасады. Бірақ оның қуаты күнге жетпей таусылып қала беретінін байқадыңыз ба? Ал онда талай ойындар мен бағдарламалар бар. Оның барлығын сонда қалай пайдалану керек? Жауапты біз берейік.

√ Ұялы телефоныңыздың дисплей жарығы деңгейін өзіңізге жетерліктей етіп қана өзгертіңіз. Көбіміз дисплейдың жарығын жоғары деңгейге қойып алған соң, оның қуаты неге тез таусылады деген сұраққа ұрынамыз. Егер кешкі немесе түнгі мезгілде оның жарығын тіпті 50 пайызға дейін азайтып қойсаңыз да жеткілікті. Себебі оның үлкен дисплейын жарықтандыру үшін аккумулятор қуатының көп бөлігі жұмсалады.
√ iPhone белсенді түрде пайдалануға арналмаған. Жаңа iOS болса да оны тек керекті, қажетті уақытта пайдалансаңыз, өзіңіздің де уақытыңызды сарқымай қалтафоныңыздың да қуатын көпке сақтар едіңіз. Әйтпесе жыл сайын оның аккумуяторын ауыстыруыңызға тура келеді. Туиттерді жиі тексеріп, instagram-ға қайта-қайта қарай берудің реті жоқ. Себебі сіз оны күніне екі немесе үш рет қуаттай берсеңіз қуаттау бөлігінің істен шығуына жол бересіз. Ал қуаттаған кезде де оның толыққанды энергия алмауы теріс әсер беруі әбден мүмкін.
√ Фонда тұрған қосымшаларды өшіргеніңіз абзал. Егер iOS-та қосымша бағдарламаларды ашып, сосын оны қолданбай белгілі бір уақытқа жауып жүрсеңіз де бағдарлама энергия талап етеді. Өшіру үшін «Home» батырмасын екі рет басып қалыңыз. Сонда төменгі қатарда фондағы бағдарламалардың белгілері пайда болады. Оның біреуін саусағыңызбен 1 секунд басып тұрсаңыз барлық бағдарламаның оң жақ бұрышында белгі («-») пайда болады. Оны бассаңыз бағдарлама өшеді.


√ Хабарландыруды өшіріңіз. Сізге ондай хабарламалар мен ескертулердің еш керегі болмауы мүмкін. Ойындар, туған күндер және тағы да басқалар бірінші кезектегі білер дүниеңіз емес. Естелік хабарламалар қалтаңызда тұрған қалтафоныңыздың дисплейін 5 секундқа дейін жандырып қоюы да мүмкін. Керек емес ескертулерді өшіру үшін «Баптауға» (Настройки) өтіңіз -> Ескерту (Уведомления), кейін керек емес ескертулерге кіріп, Өшірілді (Выключено) деп баптайсыз.


√ Геолокация – сізге керек пе? Геолокация қызметі – бұл ақпаратты әрі ойын-сауық бағдарламаларға арналған  және қайда екеніңізді анықтап беретін қызмет. Бұл қызмет сізге GPS немесе Wi-Fi модульдері арқылы көмекке келеді. Оны керексіз сәтте өшіріп қоюдың пайдасы осында. Баптаулар (Настройки) –> Жеке (Приватность) –> Геолокация.


√ Бағдарламаларды жаңарту. Бағдарламаларыңызды әрқашан да өзекті нұсқаларына жаңартып отырыңыз. Құрастырушылар әр жаңартқан бағдарламасын олардың артық энергияны шығындамауымен байланыстырып жасайды.
√ Радио-модульдерді керексіз сәттерде өшірген дұрыс. Тіпті метрода жүрген сәтіңізде немесе желі қызмет жасамайтын басқа да жерде телефонды сөндіру де пайдасыз емес. Есіңізге сала кетсек, Bluetooth қызметі де қуатты азайтады.

Авиарежим. Егер сізге телефон қызметі керек емес сәтте оны үнсіздікке (дауыссыз) қоюдан бұрын, авиарежимге ауыстыру да пайдалы.



Бұғаттау уақытын баптаңыз. Экран бұғаттауының ең тиімді уақыты – 1 немесе 2 минут екенін айтамыз. Смартфонда баптау жасау үшін Баптаулар (Настройки) –> (Негізгілер) Основные –> Автобұғаттау (Автоблокировка) және керекті уақыт аралығын қою бұйрығын жасағаныңыз абзал.

Біз ұсынған кеңестерді орындау арқылы iPhone телефоныңыздың қызметін ұзарта аласыз. Ендеше, сәттілік!

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: ferra.ru

А. Құлтай