Студент айына қанша ақша жұмсайды?

Студент айына қанша ақша жұмсайды?

Студенттік шақ – ең керемет шақ. Адамның жетілетін, қиындықтармен күресіп, олардан шығу жолын өз бетімен шеше бастайтын шақ. Әсіресе, қазір жастар арасында «Егер өз туған қалаңда орналасқан жоғары оқу орнында оқысаң, әлі студент емессің» деген пікір қалыптасқан. Әрине, қасында қолдау көрсететін ата-анаң болса, балалықтың кемесінен әлі түсе қоймайтының анық. Ал, өзге қалада білім алып жатқан студент үшін өз бетімен өмір сүру әлдеқашан басталып кеткен. Шәкіртақысы бар, ата-ананың ай сайын салып тұратын ақшасы бар... Олар айына қанша ақша құртады екен?

Тимур, Алматы, грант иегері:
– Ата-анам – Шымкент қаласында. Өзім Алматыда білім аламын. Шәкіртақымнан айырылып қалдым. Сондықтан, дәл қазіргі сәтте ата-анам айына 60 000 теңге көлемінде қаражат береді. Кейде ақша жетпейтін кездер болады. Сонда мейрамханаларға шығып, даяшы болып екі күн қосымша жұмыс істеймін. Қанша дегенмен, қыдырамын, киінемін. Топта бірге оқитын достарыммен бірге жүреміз. Туған күндер бар. Жолымды есептемегенде, айына шамамен 80 000 теңге кетеді.

Мейірбек, Алматы, ақылы бөлім:
– Мен Атырау қаласынанмын. Алматыда оқимын. Маған айына ата-анам барлығы 100 000 теңге үстінде қаражат салады. Сол толығымен жетеді. Мейрам кезінде жеткізе алмай дал болатын сәттер бар. Бірақ, ақылы бөлімде оқығандықтан артық ақша сұрамауға тырысамын. Ақшамның көп бөлігін тамаққа жұмсаймын. Қалай кетіп қалғанын өзім де байқамай қаламын.

Адина, Астана, грант иегері:
– Ата-анаммен бірге тұрамын. Күнделікті 2000-5000 теңге көлемінде ақша беріп тұрады. Қазір есептеп қарасам, киім мен тамақты есептемегенде 100 000 теңге көлемінде қаражат бос қыдыру мен жолыма кетеді екен. Достарымызбен жүрген кезде амал жоқ, мейрамхана, шағын кафелерге кіреміз. Қанша жерден жоймайын десем де, бәрібір кетеді

Анель, Алматы, грант иегері:
– Мен санамайды екенмін. Жалпы пәтерге 25 мың теңге кетсе, тамағыма қыздармен бірігіп алатындықтан, 5000 теңге кетеді. Ал, жолыма, такси, автобус барлығына 10 мың теңге кетуі мүмкін. Бірақ, мен қыдыруға, демалыстарға, серуендеуге, киінуге көбірек ақша жұмсаймын.

Дамир, Алматы, ақылы бөлім:
– Мен жұмыс жасаймын, ата-анам қосымша ақша жібереді. Оның барлығы 100 мың теңгеден жоғары. Ай сайын 50 мың теңгені оқуыма төлеймін. Тамағына 5-6 мың теңге көлемінде кетеді (бұл тек үйге алып қоятын тамақтар). Одан бөлек, көңіл көтеретін жерлерге барамыз, әріптестерімізбен бірге қыдырамыз. Осының бәрін ескерсек, ол ақша айдың ортасында-ақ жоқ болады.

Айзада, Астана, ақылы бөлім:
– Мен айына 50-60 мың ақша жұмсаймын. Киім алмаймын, өйткені, жиі қыдыратындардың қатарына жатпаймын. Тек тамақ пен киноға ғана ақша құртамын. Қалған уақытта жатақханада жатамын. 

Лаура, Алматы, грант иегері:
– Шәкіртақы аламын, ата-анам ай сайын қосымша 100 мың теңге жібереді. Шәкіртақымды пәтерге төлеймін. Оның өзі жеткіліксіз. Тамақ пен жарық, су мен газдың ақшасы бар. Қалған ақша жолыма, қосымша заттар алуға, киім мен қыдыруға кетеді. Үнемдегім келсе де, бәрібір жас болған соң, қатарыңнан қалғың келмейді екен. Сондықтан, амал жоқ ақшаны құртамыз.

Диана, Атырау, грант иегері:
– Мен ата-анаммен тұрамын. Соның өзінде 50-60 мың ақша менің бір айлық өміріме кетеді. Өйткені, қатарымнан қалмауым керек.

Міне, студенттердің өміріне керекті қаражат осындай. Оларды үнемдейтін болсақ, қыдыру мен көңіл көтеруден тыйыламыз деп ақталады. Бірақ, араларында жұмыс істеп, ата-анаға салмақ салмауды көздейтіндер де аз емес. Ал, сіз айына қанша теңге құртасыз?

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қуат Хамитов қарсыласын бірінші раундта жеңді (видео)
Қуат Хамитов қарсыласын бірінші раундта жеңді (видео)
Итбегілік – бабадан қалған асыл мұра
Итбегілік – бабадан қалған асыл мұра
Бас неліктен ауырады?
Бас неліктен ауырады?
Ағылшын сөздерінің екінші мағынасын білесіз бе?
Ағылшын сөздерінің екінші мағынасын білесіз бе?
Қалай жатып ұйықтаған дұрыс?
Қалай жатып ұйықтаған дұрыс?
Димаш саундтрегін орындаған Джеки Чанның жаңа фильмі шығады
Димаш саундтрегін орындаған Джеки Чанның жаңа фильмі шығады