"Балмұздақтарға" ақыл-кеңес

Жаңа оқу жылы басталуға жақын. Біреулер мектепке алғаш рет барса, кейбіреулер студенттік өмірдің алғашқы сатысына енді аяқ басты. Студент атанғандардың көкейінде көптеген сауалдар жүргені анық. 

Бірінші курсқа қабылданған студенттерді "балмұздақ", "перваш" деп атап жатады. Ата-анасынан, үйінен жыраққа аттанған студенттер алғашқы жылдары қиындықтарға жиі кездеседі. Үлкен өмірге аяқ басқан оларға шешім қабылдауды, өз бетінше өмір сүруді үйрену керек. Алып қалаға келгенде адасушылыққа жол бермеу үшін не істеу керек? Қарапайым кеңестер кәдеңізге жарасын. 

Ең бірінші, қалаға оқу үшін келгеніңді ұмытпа. Сабақ кестесін есте сақтауға тырыс, болмаса суретке түсіріп ал. 

"Балмұздақтар" үшін ең маңыздысы – аудиторияны шатаспай табу. Мектептегі сияқты емес, жоғары оқу орнының аумағы тым үлкен. 

Қайда барсаң да ертерек шық. Қалада кептеліс көп, әр түрлі жағдайға тап болуың мүмкін. Кешігіп барғаннан қарағанда, 10-15 минут ерте барып күткен абзал. 

Тапсырмаларды мұқият орында. Ұстаздар мектептегідей қадағалап, күнде тексермеуі мүмкін. Алайда, оқу – өзің үшін керек. Тапсырмаларды уақытында орындауды әдетке айналдырсаң, ұтылмайсың. Университетте тапсырманы орындауға белгілі бір уақыт беріледі. Келесі парға дейін деген ереже жоқ. Дегенмен, тапсырмаларды алдын-ала орындап, дайындап қойған дұрыс. Ешқашан соңғы күнге дейін күтпе. "Ертең істеймін" деген студенттердің ең сүйікті сөзі және ең басты жауы.

"Апай, апай, мен айтайыншы" деген балалықтан арыл. Біліміңді ішіңде сақта. Тым ақылды болып көрінудің қажеті жоқ. Нағыз ақылдылар емтихан кезінде өздері-ақ іріктеліп шығады. Берілген тапсырманы сенен басқа ешкім орындамаса, өзімшілдікке салынба. Мұндай жағдайда ең дұрысы – орындап келген тапсырмаңды өзгелерге көшіруге беру. 

Староста, топ басшысы болудың қажеті жоқ. Бұл "Сау басыңа сақина тілеп алумен бірдей". Басқалар үшін емес, өзің үшін жауап беру тиімдірек. Ал өз тобыңның старостасымен дос болған дұрыс. Студенттік шақта уақытты дұрыс жоспарлап үйренген абзал. Ұйқы мен күлкінің азы жақсы. Одан да өзіңе пайдалырақ іспен айналыс.

Ағылшын тілін үйрен. Студенттік шақтан басқа уақытта мұндай мүмкіндік бола бермейді. Ал ағылшын тілі арқылы қазіргі таңда көп жетістікке жетуге болады. Кейін магистратураға түссең де, жұмысқа тұрсаң да тіл білгеннің зияны болмайды. 

Жатақханаға тұруға тырыс. Нағыз студент – жатақханада тұрған студент. Жастық шақ, жаңа достар, бірігіп тапсырмаларды орындау, студент шақтағы қызықтар… Осының бәрін тек жатақханадан таба аласың. 

Дұрыс тамақтан. Студенттік кезең – асқазан үшін ең қауіпті шақ. Жылдам дайындалатын тағамдарға қарағанда, өзің дайындаған тағам әлдеқайда дәмді әрі тиімді. 

Студенттік шақ қайтып оралмайтынын естен шығарма. Жалындаған жастық шақ – болашақтың бастамасы.

Дереккөзі: baribar.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Жыландар қалай ұшады?
Жыландар қалай ұшады?
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы