Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Студенттік өмір / Ағылшын тілінен магистратура емтиханы қалай өтеді?

Ағылшын тілінен магистратура емтиханы қалай өтеді?

Ағылшын тілінен магистратура емтиханы қалай өтеді?

Жоғары оқу орнына магистратура бөліміне тапсыру үшін алдымен ағылшын тілінен емтихан болады. Одан кемінде 50 ұпай жинаған үміткер келесі кезеңге өтіп, тапсыратын мамандығы бойынша емтиханға қатысады.

Ағылшын тіліндегі емтихан 100 сұрақтық тесттен тұрады. Барлығы жазбаша түрде өткізіледі. Үш бөлімге арнайы уақыт беріледі.

Тыңдалым бөлімінде 4 мәтін, әр мәтінге 8 сұрақтан 32 сұрақтық тест ұсынылады. Оны орындауға 50 минут уақыт бөлінеді. Мәтін жазбаша түрде берілмейді, тек аудио нұсқасын тыңдау арқылы сұрақтарға жауап бересіз. Бір мәтінді екі мәрте тыңдауға мүмкіндік бар.

Бірінші бөліміне дайындалу үшін ағылшын тіліндегі көркем фильмдерді, деректі фильмдерді, документалды фильмдерді субтитрімен көріп дағдыланыңыз. Бірнеше рет көріп, бейтаныс сөздерді жазып алып, аударып, жаттаңыз.

Оқу құралдарын, мектеп оқулықтарын, өзге де тіл үйренетін құралдарды назардан тыс қалдырмаңыз.

Тыңдалым бөлімінде мына тақырыптарға қатысты мәтіндер берілуі мүмкін:

Мен және менің достарым. Неке және отбасы. Менің үйім.

Мамандық. Жұмыс. Еңбек. Отбасылық тәрбие. Әріптестер.

Саяхат. Бос уақыт және хобби. Денсаулық. Дұрыс тамақтану. Салауатты өмір салты. Спорт.

Университет тынысы, жетістіктері, оқытушылары, студенттері.

Қазақстандағы және шетелдегі студенттердің оқу мен өмірі.

Ғылыми жаңалық ашу. Ғылым және қоғам қайраткелері, олардың өмірі.

Әлемдегі атақты ғалымдар. Олардың өмірі мен қызметі.

Жастар саясаты, ғылым саласындағы жаңалықтар.

Шетелдер туралы: Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Жаңа Зеландия, Аустралия, Ирландия. Ауа райы. Климаты. Тарихы. Тіршілігі. Таным. Салт-дәстүрі.

Өнер саласы. Әдеби жанрлар. Танымал ақын-жазушылар.

Екінші бөлімде 32 сұрақтық лексика-грамматикалық тест беріледі. Оны 35 минут ішінде орындауыңыз керек. Мектеп бағдарламасын және университет қабырғасында өтілген ағылшын тілінің ережелерін жақсы меңгерген болсаңыз, бұл бөлім еш қиындық туғызбайды. Дегенмен, қайталау – білім анасы.

Интернеттен ағылшын тіліне арналған кез келген тестті ашып, орындап көріңіз. Қай сұрақтардан қате жібергеніңізді анықтап, сол тақырыпты қайталаңыз. Дәптерге жазып, көзге елестетіп, басқа нәрсемен байланыстырып жаттаңыз. Ережелерді жаттаған соң, соған қатысты жаттығулар орындаңыз. Сөйлем құрылысын, сөз тіркестерінің, фразеологизмдердің мағынасын түсіну үшін ағылшын тілінде жеңіл тілмен жазылған кітаптарды тоқтаусыз оқи беріңіз.

Үшінші бөлім – оқылым. 36 сұраққа жауап беруге 70 минут беріледі. Оқылған мәтіндерге сәйкес тағы 3 мәтін жазбаша беріледі. Әр мәтінге 12 сұрақ арналады. Сұрақтармен таныспай тұрып, мәтінді мұқият оқып алыңыз. Сұрақтарды оқыған соң, мәтінге қайта бас қойыңыз. Сонда алаңдамай, шатаспай, дұрыс жауап бересіз.

Ағылшын тілінен магистратура емтиханына дайындық
Магистратура: ағылшын тілі. Ең маңызды мәліметтер
Магистратура: ағылшын тілінен тест сұрақтары. Лексика-грамматика

Магистратура: ағылшын тілінен тест сұрақтары. Оқылым #1
Магистратура: ағылшын тілінен тест сұрақтары. Оқылым #2
Магистратура: ағылшын тілінен тест сұрақтары. Оқылым #3
Магистратура: ағылшын тілінен тест сұрақтары. Тыңдалым #1
Магистратура: ағылшын тілінен тест сұрақтары. Тыңдалым #2
Магистратура: ағылшын тілінен тест сұрақтары. Тыңдалым #3
Магистратура: ағылшын тілінен тест сұрақтары. Тыңдалым #4
Магистратура: ағылшын тілінен тест сұрақтары. Тыңдалым #5
Магистратура: ағылшын тілінен тест сұрақтары. Тыңдалым #6
Магистратура: ағылшын тілінен тест сұрақтары. Тыңдалым #7
Магистратура: ағылшын тілінен тест сұрақтары. Тыңдалым #8

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: hoctienganh.vn
Қосылған күні: 27 шілде 2018, 10:10

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.