Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Студенттік өмір / Студент: Жат ортаға қалай үйренемін?

Студент: Жат ортаға қалай үйренемін?

Студент: Жат ортаға қалай үйренемін?

Үлкен қалаға келген соң бәріне бірден бой үйрету оңай емес. Ешкімді танымайтын, білмейтін жерге тап болғанда, оқуға түскеніне қуану орнына, «қайдан келдім» күйге түсіп жүру әр студенттің басында болады. Түлеп ұшқан құстың тұрақтаған жеріне бейімделуі үшін бірнеше кеңесімізге құлақ түріп көріңіз.

Бірінші. Тұрған орныңызды бағдарлай білмей – еш жерге бара алмайсыз. Қаламен танысыңыз. Қаланы жаяу аралауға күз айлары таптырмас мезгіл, бұл кезде ауа райы айтарлықтай тамаша болып тұрады. Жаныңызда серігіңіз болса, тіпті жақсы. Жаяу жүру арқылы қаланың бейтаныс жерлерін есіңізде жақсы сақтайсыз, қажет дегеніңізді жазып алсаңыз да артық етпейді.

Адасып қалудан қорықпаңыз. Қалада бірнеше жыл тұрған адамдардың өзі қала ішін толықтай жатқа білмейді. Тек кешкі мезгілге қалып қоймасаңыз болды, адасып қалсаңыз тұрған орныңыздан тұрғылықты мекенжайыңызға дейін такси ұстайсыз. Оған мүмкіндік болмаса, автобусқа отырасыз, сізге қалай баруды автобус шопырының өзі айтып жібереді. Смартфоныңызға 2Gis бағдарламасын жүктеп алсаңыз Алматы, Астана, Қарағанды қалаларында діттеген жеріңізге дөп басып бара аласыз. Қай жерге, қандай транспортпен, қанша уақытта, қандай қашықтық жүріп баратыныңызға дейін сонда көрсетілген.

Екінші. Ойға алған ісіңізді ұмытып қалмау үшін барлығын қойын дәптерге жазыңыз. Оған «қағаз шығарамын», «біреуге қоңырау шаламын» дегеннен бастап «болашақта осындай кафе ашу керек», «балама олай болмауын үйретемін» дегенге дейін бәрі-бәрін жазып қойыңыз. Сабақ кестесі мен аудитория нөмірін сұрап күн сайын топтастарыңызды мезі еткенше, ол да өзіңізде жазулы болсын.

Үшінші. Топтастарыңыздың барлығымен танысып, нөмір алмасыңыз. «Сен тимесең, мен тиме» деп жүре берсеңіз, оқшауланып, қаладан безіне бересіз. Сонымен бірге жақын таныстар қатарына жоғары курс студенттерін де қосыңыз. «Аға-апа» деп сыйлап тұрсаңыз, олар сізден көмегі мен кеңесін аямайды.

Төртінші. Жатақханаға орналасқан болсаңыз барлығымен тез арада жақын қарым-қатынас орнатыңыз. Әсіресе, көршіңізбен тату болыңыз. Қандай жағдай болмасын дұрыс түсінуге тырысыңыз, қандай болса да сол адаммен бір жыл бойы бір бөлмеде тұруға тура келеді. Жатақхананың басқа тұрғындарымен де тығыз қарым-қатынаста болыңыз. Уақыт өте келе араласатын адамдар сұрыпталады, кімнің кім екенін танып, өмірден сабақ аласыз.

Бесінші. Сабақ бірінші орында, дегенмен өз мүмкіндігііңізді көрсетуді де ұмытпаңыз. Студенттер кеңесі, Студенттер мәслихаты деген секілді ұйымдарға кіріп, белсенділік танытыңыз. Деканатқа барып қандай қоғамдық пайдалы іспен айналысуға болатынын сұрасаңыз, ол жердегілер сізге қуана-қуана жауап беретін болады. Жатақханадан орын алу қиын болса, бірінші курста белсенді болған студент үшін бұл түк те мәселе емес.

Ешкімге зиян келтірмей, әрдайым адамдарға жылы шырай танытыңыз. Ештеңені жүрекке жақын алмай, қиындыққа күліп қарасаңыз, мәселе өзі-ақ күңіреніп кетіп қалады.

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: voxpopuli.kz
Қосылған күні: 26 тамыз 2015, 15:29

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->